Ведомствоаралық комиссия отырысы

Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. 

Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудан прокуроры, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаметінің Орталық аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Қ.Рахметов, «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева, жергілікті полиция қызметінің бастығы М.Өсер, мәслихат депутаттары, тиісті бөлім, мекеме басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде бір мәселе, күн тәртібінен тыс тағы бір мәселе қаралды. Атап айтқанда, Жалағаш аудандық жергілікті полиция қызметінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы және Жалағаш ауданы көлемінде жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарламалар жасалды. 

Хабарламашыларға аудан әкімі тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, кент, ауылдық округ әкімдеріне, тиісті бөлім, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 маусым 2018 г. 113 0