Қанат Исламның орнына қазақстандық қай боксшының айқасы өтетіні анықталды

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (6-0, 5 КО) кезекті айқасы өтетін уақыт белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Отандасымыз 23 маусым күні Лос-Анджелестегі (Калифорния штаты) Belasco Theater аренасында мексикалық Хосуэ Обандомен (16-20-1, 12 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек 6 раундқа есептелген.

Айта кетейік, осы кештің аясында Қанат Исламның мексикалық Фернандо Каркамомен жекпе-жегі өтуі тиіс еді. Алайда жерлесіміздің аяғын жарақаттап алуына байланысты кездесуден бас тартуға тура келді.

Шоу ұйымдастырушысы -  Golden Boy промоутерлік компаниясы. Кештен ESPN2 телеарнасы тікелей эфир арқылы хабар тарататын болады.

Нұрсұлтанов пен Исламның кәсіпқой бокстағы істерімен танымал менеджер Эгис Климас айналысады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 маусым 2018 г. 68 0