Tesla 4 мың қызметкерді жұмыстан шығарады – Илон Маск

Tesla компаниясы өзінің жұмысын қайта қарап, 4 мыңға жуық қызметкерін жұмыстан шығармақ. Бұл туралы компания басшысы Илон Маск айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Business Insider порталына сілтеме жасап.

«Соңғы бірнеше жылда Tesla компаниясы қарқынды түрде өсті және дамыды. Осының нәтижесінде кей қызметкер бір-бірінің жұмысын істей беретіндей дәрежеге жетті. Бүгінде олар нәтижелі жұмыс көрсете алмай отыр. Бұрындары көмектері болғаны сөзсіз. Шығынды азайтып, компания жұмысын қайта қарау нәтижесінде қызметкерлеріміздің 9%-ын жұмыстан шығару туралы шешім шығардық. Бұл оңай болмады», - деп жазды компания басшысы өзінің Twitter парақшасында.

Ол, сондай-ақ, соңғы 15 жылда Tesla компаниясының жыл сайын табыстан пайда көрмегенін айтты.

«Біз жылдамдатып экологиялық таза энергетикаға көшуді жоспарлап отырмыз. Бірақ кіріс жағын көбірек ойламасақ, бұл мақсатымызға ешқашан жетпейміз», - дейді Маск.

Business Insider мәліметінше, компания штаты 46 мың қызметкерге есептелген. Естеріңізге сала кетсек, Tesla Motors компаниясы 2003 жылы құрылған еді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 маусым 2018 г. 103 0