Әдеп жөніндегі уәкіл жас мемлекеттік қызметкерлермен кездесті

Бүгін аудан әкімінің орынбасары, Жалағаш ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл Ж.Тажмаханов кент және ауылдық округтердегі жас мемлекеттік қызметкерлермен кездесті. 
Кездесуде Ж.Айтбайұлы мемлекеттік қызметкерге жүктелетін жауапкершілікті, ел алдындағы абыройлы міндеттерді атап өтіп, ұжымдағы моральдық-этикалық нормаларына тоқталды. Сондай-ақ, жас мемлекеттік қызметкерлер ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қосып, мемлекеттік қызмет саласының рөлін арттыратындарына сенім білдірді. Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов жас мемлекеттік қызметшілердің алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. 



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 маусым 2018 г. 153 0