Күзет қызметі басқармасының қызметкерлерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қызылорда облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Отырысқа Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Н. Жакудаев, күзет қызметі басқармасының қызметкерлері мен басшылығы қатысты.
Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыптарында баяндамалар оқылды.
Іс-шара қорытындысымен қызметкерлердің сұрақтарына жауаптар беріліп, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 маусым 2018 г. 70 0