«Ашық есік күні» өткізілді

Мемлекеттік қызмет істері органдарының құрылуына 20 жыл толуына орай «23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні» кәсіби мерекесі қарсаңында Департаментте «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.
Ашық есік күніне Қызылорда қаласындағы жоғары оқу орындарын биыл бітіруші түлектер қатысты.
Жастарды департамент басшысы А.Мұхимов қарсы алып, мемлекеттік қызмет, оның беделі туралы, мансаптық өсу мәселелері, мемлекеттік қызметке түсу мен бос әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін конкурсқа қатысу тәртібін түсіндірді. Студенттер мемлекеттік қызметке орналасу бойынша көрнекі жадынамалармен танысуға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, департаменттің жұмыс барысымен, тест тапсыру орталығы және облыс әкімдігінің Ситуациялық орталығымен танысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 маусым 2018 г. 153 0