ҚЫЗМЕТТІК ӘДЕП ҚАҒИДАЛАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС

Өткен апта соңында Шиелі аудан әкімінің орынбасары, аудан бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Тұрмат Жағыпбаров үстіміздегі жылдың  бес айында атқарған жұмыстары туралы  брифинг өткізді.
Тәуелсіз Қазақстанымыздың қазіргі таңдағы кадр саясатының өзекті мәселелерінің бірі екендігі түсінікті. Расында елдік тұрғыдағы басты шаруаларды білікті кадрлер атқарады. Сондықтан да мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында заңдарда белгіленген шектеулер мен тиымдарды қатаң түрде сақталуы маңызды болмақ. Ережеге сәйкес, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар әкімдерінің аппараттарында әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары осы мемлекеттік органдардың қызметшілеріне жүктеледі.
Шиелі аудан әкімдігінің кадр саясатына тоқталған Тұрмат Жағыпбаров өз хабарламасында былай деді: «Аудан бойынша жергілікті атқарушы органдардың  штаттық саны – 214, оның ішінде аудан әкімі аппараты - 23, кент әкімі аппараты - 14, ауылдық округ әкімі аппараттарында -104, дербес бөлімдерде - 73. Нақты кезеңде мемлекеттік қызметшілердің саны – 204.
Аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметшілердің – 74-і әйел, ол барлық мемлекеттік қызметшілердің 37% пайызын құрап отыр. Оның ішінде – 9 жоғары лауазымды атқарады, 1-і аудандық дербес бөлім басшысы, 1-і ауыл әкімі, 2-і аудан әкімі аппаратындағы бөлім басшылары, 5 –і дербес бөлімдердегі сектор меңгерушілері. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 11 мемлекеттік қызметші қайта даярлаудан, 21-қызметкер біліктілік арттырудан өтті. Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында 58 конкурс жарияланып, 26 үміткер жұмысқа қабылданды».
Брифинг барысында журналистр сауалдарына жауаптар беріліп, алдағы тұрған міндеттер туралы таратылып әңгімленді. Бүгінгі таңда, аудан әкімдігіне қарасты барлық мемлекеттік қызметшілердің салауатты өмір салтын қалыптастыру, әлеуметтік құқықтарын көтеру мақсатында спорт объектілеріне бару кестесі бекітіліп, кестеге сәйкес әрбір мекемеге жақын орналасқан мектептер белгіленіп, әр аптаның бейсенбі күндері қызметкерлер белгіленген мектептің спорттық залында тегін спортпен шұғылдануға мүмкіндік алғандығы да адал жолмен еңбек етудің бір көірінісі болмақ.

Н. Назымханұлы,
Шиелі ауданы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 маусым 2018 г. 70 0