Кірпік бояйтын сүрмені дұрыс кетірмеген әйел көзінен айырылып қала жаздады

 Аустралиялық әйел бетіндегі бояуын дұрыс жумағаны үшін көзінен айырылып қала жаздады. Бұл туралы Science Alert порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Сиднейде тұратын Тереза Линч офтальмолог дәрігерге көзінің шаншып ауыратынын айтып шағымданған. Тексеру кезінде дәрігер 50 жастағы әйелдің қабағының ішкі жағынан қара дақтарды көрген.
«Ол 25 жыл бойы кірпігіне үнемі сүрме жағып жүргенін мойындады. Және оны жиі сүртіп, жумайтын болған», – дейді дәрігер Дана Робаи.
Оның сөзінше, әйел бірнеше жыл бойы кірпігіне жағылған сүрмені кетірместен ұйықтағанда, ол үгітіліп, көздің ағы мен қабақтың шырышты қабығына сіңіп, қатып қалған.
Өз кезегінде қатып қалған сүрменің түйіршіктері көздің шырышты қабығы мен қасаң қабақты зақымдаған.
«Көзіңде үнемі құм түйіршігі тұрған сияқты болады. Ол үнемі тітіркендіреді», – дейді дәрігер.
Артынша Линчке 1,5 сағатқа созылған ота жасалып, дәрігерлер оның көзіндегі сүрменің қалдықтарын алып тастады. Нәтижесінде әйелдің қабағы мен қасаң қабағында тыртық қалып қалды.
«Әр кеш сайын беттегі бояуды дұрыстап сүртіп тастау өте маңызды. Мен мұндайға жол бермеуім керек еді», – дейді Линч.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 маусым 2018 г. 248 0