Елордада 4-10 маусым аралығында қандай мәдени шаралар өтеді?

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында 4-10 маусым аралығында өтетін мәдени шаралар кестесі жарияланды.
Қала тұрғындары мен қонақтары 4 маусымнан 10 маусымға дейін сағат 10.00-18.00 аралығында Тәуелсіздік сарайында «Ұлы дала мұрасы» қолданбалы өнер көрмесі, «Қазақстандық суретшілерінің шығармалары» атты көрмесі, Астана қаласының жастар бірлестігімен бірге ұйымдастырылған көркем көрмесі, Суретші Өмірбек Тлеулиевтің жеке көркем көрмесі, С. Мүсіреповтың «Жаңа бастау» атты жеке көрмесін, Қазақстан Республикасының рәміздері күніне арналған «Символы суверенного Казахстана» көрмесін тамашалай алады. 4, 6, 7, 8 маусым күндері сағат 10:00-де «Жастар» сарайында «Праздник непослушания» музыкалық ертегісі қойылады.
4-10 маусым күндері жұмыс күндері сағат 14:00-18.00  аралығында, демалыс күндері сағат 12.00-16.00 аралығында «Астаналық», «Жерұйық», «Студенттік», «Президенттік» саябақтардағы спорттық бағдарлау бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Сонымен қатар, 4 маусым - 9 қыркүйекте сағат 10.00-17.00 аралығында Астана қаласы саябақтарында «Fitness Park Astana» бағдарламасы бойынша спорттық іс-шаралар өтеді. 4 маусымда сағат 18:00-де «Астана» концерт залының алаңында Қазақстан Республикасының рәміздері күніне арналған симфониялық оркестр мен классикалық вокал бөлімінің концерті, 8 маусым сағат 18.00-де «Астанаға - 20 жыл» әндер топтамасынан камералық хор мен классика вокал орындаушылардың концерті, 9 маусым сағат 17.00-де «Астанаға - 20 жыл» концерттер топтамасынан «Шалқыма» халық би ансамблі және халық әндер бөлімінің концерті өтеді.
6 маусым сағат 19:00-де Бейбітшілік және Келісім сарайында «Туған ел - менің тұмарым» концерті өтеді.
7-8 маусым сағат 19:00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында К. Кизи «Шырмауық» психологиялық драмасын тамашалай аласыздар. 7 маусым сағат 19:00-де «Астана Опера» театрында «Музыкальные диалоги» концерті (камералық зал) өтеді. 7 маусым сағат 19:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында «Сәлем саған, Астана!» атты Алтынбек Қоразбаевтың шығармашылық кеші өтеді.
9 маусым сағат 10:00-де № 24 орта мектепте асық атудан 2002-2004 жылғы жасөспірімдер арасындағы Астана қаласының чемпионаты өтеді. 9 маусым сағат 18:00-де «Барыс Арена» КМС «Денис и друзья. 20 лет Астане» мұз айдыны шоуына шақырады.
10 маусым сағат 18:30-де Бейбітшілік және Келісім сарайында «Тамашаның Құдайбергені» атты Құдайберген Сұлтанбаевты еске алу кеші өтеді.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 маусым 2018 г. 63 0