Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы

Бүгін Рәміздер алаңында 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты іс – шара өтті. Іс – шараға Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің басшылығы, мекеме бастықтары,  сала ардагерлері және департаментке қарасты мекеме қызметкерлері қатысты. 
Салтанатты шара қызметкерлердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туына сап түзеп, Әнұранын орындауымен басталды. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Отарбаев Ғанибек Сырмағанбетұлы  айтулы мерекемен құттықтап, ҚР Мемлекеттік рәміздерінің маңыздылығы туралы баяндама оқыды.   Сала ардагері Тұрсынбай Баймаханов мерекелік лебізін білдіріп, сала  қызметкерлерін Қазақстанның гүлденуі жолында еңбегіне табыс тіледі. Қызметте жақсы жетістіктерге жетіп, міндеттерін адал орындап жүрген ЗК-169/1 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Тасқараев Алмат Жұманұлы, ҚАЖ департаменті қадр жұмысы  тобының бас маманы әділет аға лейтенанты Ертай Асылбек Жаңабайұлы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рүстемов Руслан Рүстемұлының арнайы Алғысымен марапатталды.
Шара  соңы сап түзеген қылмыстық –атқару жүйесі қызметкерлерінің салтанатты шерумен аяқталды.

Дана Достанова
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 маусым 2018 г. 63 0