«Союз МС-07» Жезқазған маңына қонды

Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) бортында үш экипаж мүшесі бар «Союз МС-07» ғарыш кемесі Қазақстанда Жезқазған қаласы маңындағы далаға қонды. Бұл туралы жексенбі күні журналистерге Подмосковьедегі Аэроғарыштық зерттеу орталығында мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.
«Бортында Роскосмос ғарышкері Антон Шкаплеров, NASA астронавты Скотт Тингл және жапон аэроғарыштық зерттеу агенттігінің астронавты Норисигэ Канаи бар жерге қонушы аппарат Мәскеу уақытымен 15:39-да қонды», - деді аталмыш зерттеу орталығының өкілі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 маусым 2018 г. 105 0