Головкин мен Сондерс арасындағы кездесу Лондонда өтуі мүмкін

Танымал британдық Daily Mail басылымы Билли Джо Сондерстің Мартин Мюрреймен айқасы өтпейтіндіктен, Геннадий Головкинмен немесе Салуь Альвареспен кездесуі мүмкін деп есептейді. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«WBO белбеуі бар Сондерс қарсылассыз қалды. Егер Сондерс Головкинмен айқасса, жекпе-жек Англияның футбол стадионында - Лондондағы Олимпиада стадионында өтетін шығар. Головкинге міндетті үміткерлермен жұдырықтасу қажет, ал «Канелоның» ешқандай міндеті жоқ. Ол Сондерсті чемпиондық белбеуге жетудің ең қысқа жол ретінде қарастырып жатыр. Лас-Вегас және T-Mobile Arena - бұл айқас үшін ең тиімді орын», - деп жазды Daily Mail. Еске салайық, Головкин WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Сондерс - WBO белбеуінің иегері. Головкин мен «Канелоның» қыркүйектегі рематчы қаржылық келіспеушіліктерге байланысты тоқтап тұр.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 маусым 2018 г. 89 0