ҚАСИЕТТІ АЙДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен "Ақмешіт-Сырдария" орталық мешітінде "Құран Кəрімнің 30-шы парасын жатқа оқудан" жарыс өтті.
Өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы: «Құран айында өткізіліп отырған бұл жарыс - шәкірттерімізді ынталандыру, қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Хадистерде: «Оқы және жоғарыла (төрлет), оқы, дүниеде қалай оқыған болсаң дәл солай оқы. Расында, сенің орның ең ақырғы оқылатын аятта»-деп, Құран жаттаушы адамның дәрежесін баяндағандай, сіздердің де Алла Тағала алдындағы дәржелеріңіз арта берсін!»-дей келе, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Облыстық Құран байқауына аймақтағы мешіттерден келген 30-дан аса шəкірт қатысып, бақ сынады.
Бағалау критерийлері бойынша үздік танылған жеңімпаздар Қасиетті Қадір түнінде барша жамағаттың алдында қаржылай сыйақылармен (І-орын 70 000 тг; ІІ-орын 50 000 тг; ІІІ-орын 30 000тг) және қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 маусым 2018 г. 34 0