Облыс бюджетіне өзгеріс енгізілді

Бүгін Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 20 сессиясы болып өтті. Күні бұрын өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына 10 мәселе ұсынылған болатын.
Мәселелерді талқылау барысында «Жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін арттыру туралы» мәселе Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұсынысына сәйкес қараусыз қалдыруды және «Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» мәселе де депутатардың ұсынысымен күн тәртібінен алу жөнінде мақұлданды.
Сессия өту барысында күн тәртібіне байланысты ұсыныстар сұралып, облыстық мәслихат хатшысы, депутат Н.Байқадамовтың «Жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін арттыру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі №302 шешімінің күшін жою туралы» мәселені сессия күн тәртібіне енгізу жөнінде ұсынысы депутаттар тарапынан қолдау тапты.
№9 «Байқоңыр» сайлау округінен сайланған депутат К.Үйрековтің төрағалық етуімен өткен сессия жұмысына облыс әкiмi Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, облыс әкiмiнiң орынбасарлары мен кеңесшілері, ҚР Премьерлер кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы Марат Қырғызғалиұлы Сұлтанғалиев, облыс әкiмi және мәслихат аппаратының, облыстық мемлекеттік мекемелері мен құқық қорғау органдарының басшылары, қалалық және аудандық мәслихат хатшылары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерi қатысты.
Негізгі мәселе бойынша облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы С.Құлымбетова «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №157 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша хабарлама жасап, облыстың бюджетін нақтылануына байланысты талданып, депутаттар өз сұрақтарына нақты жауабын алды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия соңында Ақ-Жайықтың бойынан келген бір топ делегация жетекшісі Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғұбайдулла Абдуллаұлы Оспанқұлов Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 17-сессиясында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевқа «Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсынысы қолдау тапқандығын жеткізді. Қырымбек Елеуұлының Батыс Қазақстан облысында қызмет еткен жылдары облыстың дамуына сіңірген еңбегін айрықша атап өтіп, төсбелгін табыстады. Қырымбек Елеуұлы БҚО-ның әкімдігі мен мәслихат депутаттарына, сондай-ақ делегация өкілдеріне өз алғысын білдірді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 маусым 2018 г. 81 0