Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады

Бүгін Жосалы кент орталығында «Жыраулар Үйі» алаңында 1-маусым Халықаралық балалар күні мерекесіне орай «Нұрлы болашақ» атты балабақша бүлдіршіндерінің сазды бағдарламалық шарасы өтті.
Шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев жиналған жұртшылыққа меркеге орай жылы лебізін жеткізіп, сала үздіктеріне алғыс хаттар табыстады. Қазіргі таңда кент орталығында 12 балабақша 1 шағын «Балапан» орталығы қызмет атқарса, оның 5-і жеке әріптестік негізінде жұмыс жасайды. Қай халықтың болмасын, елдігін, салт-дәстүрін, ата-мекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы. Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ.
Бала-біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Балабақшалардағы өнерлі бүлдіршіндер шарада өз өнерлерімен жиналған қауымның ықыласына бөленді. Кент тұрғындары балалардың өнерін тамашалап, ең кішкентай қонақтар үшін түрлі интерактивті ойындар мен конкурстар ұйымдастырылды. 


 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 маусым 2018 г. 183 0