Шахматтан Аралбай Махамбетовті еске алуға арналған Қазақстан кубогы басталады

20-20 мамыр аралығында Қызылорда қаласында Аралбай Махамбетовті еске алуға  арналған шахматтан жасөспірімдер арасында ҚР Кубогының I кезеңі басталады.

Биыл 6-шы мәрте ұйымдастырылған жарысқа Қырғызстан елінен, Астана, Алматы қалаларынан және еліміздің барлық облыстарынан 10-14 жас аралығында 300-ден аса жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысады.

Жарысережесіне сәйкес шахматшылар швейцар жүйесі бойынша9 турда классика және блиц түрлерінен шеберлік байқасады. Сондай-ақ, ел кубогы аясында ересектер арасында рейтингілік турнир өтеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері 26 мамыр күні белгілі болады.

20 мамыр күні «Нұрсәт» теннис орталығында сағат 16.30-да жарыстың салтанатты ашылуы өтсе, 17.00-де блиц түрінен сайыстар басталады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 мамыр 2018 г. 129 0