"Арсеналды" 22 жыл жаттықтырған Арсен Венгер қызметінен кетеді

Лондонның Арсенал футбол клубын 22 жыл жаттықтырған Арсен Венгер қызметінен кетеді. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады. Француз маманы команданы маусым соңына дейін жаттықтырады. Ал оған дейін кім жаттықтыратыны анықталып қалуы мүмкін. - Клуб басшылығымен ақылдаса келе, маусым соңынан қызметтен кеткенім дұрыс деп шешім қабылдадым. Мен командада барлық жауапкершілікті сезіне, адал жұмыс жасадым. Команданың барлық қызметкерлеріне, ойыншылар, директорлар мен жанкүйерлеріне алғысымды білдіремін. Менің командаға деген махаббаттым мен қолдауым – мәңгілік, - деген жаттықтырушы клуб сайтына берген сұхбатында.

Арсен Венгер "Арсенал" командасының тізгіні 1996 жылы ұстаған. Одан бергі аралықта канонирлер 17 рет үлкенді-кішілі жарыстарда топ жарған. 3 рет Англия чемпионы атанған. Ағылшын премьер-лигасында Арсен команданы 823 рет ойынға бастап шығыпты. Оның 473-де жеңіске жеткен. 199 ойында тең ойнаған. 151 рет ұтылған.

massaget.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2018 г. 101 0