Ағаш егу акциясы өтті

Қызылорда облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 21 сәуір күні, №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу» акциясы өткізілді. Акцияға «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ерікті жастары мен сарбаздары атсалысты. Жастар атынан арнаулы орталыққа 30 дан астам жеміс талдары (сары өрік, алма) және арнайы «Сыр талы» ағашы отырғызылды. Сонымен қатар жер қопсыту, арамшөптерден тазарту жұмыстарын жасады.  Жалпы іс-шараға 50-ге жуық ерікті жастар қатысты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2018 г. 278 0