«ЕЛ АРНА» АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ БІРНЕШЕ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАДЫ

Агенттік құрамына кіретін «Ел арна» қысқаметражды көркем фильмдердің байқауын жариялап отыр. Бүгін телеарна басшылығы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында болып, өнер бәйгесінің шарттарымен таныстырды. «Ел арна» – Қазақстандағы алғашқы және жалғыз киноарна. Байқаудың мақсаты – қазақстандық режиссерлер, сценаристер мен продюсерлердің жұмыстарын қалың көпшілікке насихаттау, дебюттік жұмыстарға қолдау көрсету, көрермендерді «шағын кино» жанрымен таныстыру.

Байқаудың тақырыбына елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы арқау болып отыр. Қысқаметражды фильмдер 31 мамырға дейін қабылданады. Ең үздік 3 жұмыс 2018 жылдың ішінде «Ел арнада» көрсетіледі.


Дерек көзі: 24.kz

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 сәуір 2018 г. 87 0