Америкалық тұрғын Головкиннің портреті бар шаш үлгісін жасады

АҚШ-тағы барбершоптардың бірінің иесі Мигель Росас клиентіне қазақстандық боксшы Генадий Головкиннің портреті бар шаш үлгісін жасап берген. Жұмыс нәтижесінің фотосын шебер Twitter-дегі парақшасында жариялады.

Бұл жұмысқа GGG промоутері Том Леффлер жоғары баға беріп, суретті әлеуметтік желіде бөліскен.

Мигель бұған дейін де шашқа спорт жұлдыздарының портретін салып жүрген. Мәселен, бір клиентке Флойд Мейвезер мен екінші біріне Конор МакГрегорды салды.

Айта кетейік, Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін 5 мамыр күні Калифорния штатында өткізбек. Алайда рингке кіммен шығатыны әлі белгісіз.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 сәуір 2018 г. 92 0