Волонтерлармен бірге үгіт-насихат жүргізді

Көпқабатты тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу және өрт қауіпсіздігін арттыру мақсатында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және «Жас Отан» жастар қанатының волонтерларымен бірлесіп, көпқабатты үйлердің тұрғындарына өрт қауіпсіздігі туралы үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Іс-шара барысында қала төңірегінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйлерді аралап, үнпарақтар таратылып, тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қажеттігі түсіндірілді. Осы іс-шарада  46 пәтердің  130 тұрғыны қамтылды. Аталған іс-шараға  тұрғындарды кеңінен қамту мақсатында  көп қабатты тұрғын үй аулаларында дауысзорайтқыш арқылы түсіндірме жасалды.


Қызылорда облысы ТЖД

Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және 

профилактикалық қызмет басқармасы

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 наурыз 2018 г. 84 0