БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРҒА

Қаламызда бірнеше күннен бері тойланып келе жатқан Наурыз мейрамы енді Талсуаттағы «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы» коммуналдық мекемесінде жалғасты.

Шадыман шаттығын жетелеген көктем де келді. Алла нәсіп етіп, тағы бір Амал айымен қауыштық. Осы орайда, Қызылорда қаласындағы оңалту орталығының балалары да назардан тыс қалмады. Үлкендердің шашуымен басталған шарада жиналған қауымға бойындағы өнерін көрсетуге тырысқан балалар ән айтып, би билеп жарысса, мекеме қызметкерлері театрландырылған қойылым қойып, айтыс өнерінен сынға түсті. Шара барысында қазақтың ұлттық тағамдарымен толтырылған дастархан жайылып, қолөнер бұйымдары мен ыдыс-аяқтар көрмесі ұйымдастырылды. Жер Ананың тоң кеудесі жібіп, Самарқанның көк тасы еріген қасиетті Наурыз мерекесімен мекеме басшысы Айгүл Шамшатова құттықтап, қызметкерлер арасында ұйымдастырылған дәстүрлі өнер сайысына қатысушыларды марапаттады.

Наурыз мерекесін асыға күткен балалар үшін бүгін ерекше күн. Оларға әр мереке сайын осындай көтеріңкі көңіл күй сыйлауға тырысамыз ,- дейді психолог маман Сәнімжамал Есентаева.

                                                                                            Жансая ҚЫДЫРБАЙ,

                                            Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 4-курс студенті

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 наурыз 2018 г. 79 0