Путин өзінен кейін кімнің президент болатынын айтты

Ресей Президенті америкалық NBC телеарнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында Мемлекет басшысы болған сәттен бастап  өзінен кейін ел президенті болатын адамды  ойлап жүргенін айтты. Бұл жайында Vesti.ru жазды.


Сонымен қатар Ресей президенті таңдауды халық жасайтынын айтып өтті.

— 2000 жылдан бастап ойлап жүрмін. Ойлағанның еш әбестігі жоқ, түптеп келгенде таңдауды халық жасайды. Менің көңілімнен шықсын, шықпасын Ресей Федерациясының халқы шешім шығарады, өз таңдауларын жасайды, - деді Владимир Путин.

 Путиннің ойынша, өзінен кейін билікке келетіндер елді құртуды ойламайды.


— Менен кейін билікке келетіндер Ресейдің күшеюіне, болашақта жастардың жағдайын жасауға күш салуы да мүмкін,- деді Путин.

Ел президентінің айтуынша, Ресейді құртқысы келетіндердің қатарында АҚШ бар.



Дереккөз:qamshy.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 наурыз 2018 г. 163 0