Ауа райы: Ертең еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Синоптиктер ертең, яғни 21 қаңтарда елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Синоптиктердің хабарлауынша, антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады, тек батыста және солтүстік-батыстың кей жерлерінде аздаған қар жауады.

Сонымен қатар Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел күшеймек. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы секундына 18 метрге дейін ұлғаяды, ал түнде бұрқасын болады. Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қаңтар 2018 г. 122 0