Көшпелі қонақүй

Татар инженерлері «Көшпелі қонақүй» ойлап тапты, - деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы. Телеарна тілшілерінің мәліметінше, қалаға да, далаға да апарып орнатуға болатын бұл үйлерде 1 айға дейін өмір сүруге қажетті дүниенің барлығы бар екен. АТОММ – яғни, автономды модуль деп аталатын жоба табиғат аясында демалғысы келетін туристер үшін жайлы мекен болғалы тұр.

Құрылысы бойынша бұл туристерге арналған автономды модуль. Қонақүйді кез келген жерге апарып, жарты сағаттың ішінде орнатуға болады. Ендігіде қазандық инженерлер ойлап тапқан тың жаңалықтың арқасында шағын қалалардағы қонақүй тапшылығы мәселесін шешуге болады. Белгілі бір ауқымды шара өткізетін шаһарда қонақүй жетіспесе, осы модульдерді қаз-қатар қойып, қонақтарды қабылдай бересіз. Бастысы, бұл туризм саласы үшін таптырмайтын дүние. Себебі, оны түрлі демалыс орындары мен құрылыс салуға тыйым салынған жерлерге апарып қоюға болады. 2-3 адамға арналған қонақүйдің көлемі небәрі – 19 шаршы метр. Есесіне, инженерлер оны барынша тиімді пайдалануға тырысқан. Осылайша, мұндағы шағын-шағын 3 бөлменің заманауи қонақ үйден еш айырмасы жоқ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қаңтар 2018 г. 119 0