Таңдағы толымды тірліктер

Жалағаш ауданының әкімі Қ.Сәрсенбаев және Таң ауылдық округінің әкімі Ә.Байнахатов халық алдында есеп берді.
Таң ауылдық округінде 235 отбасы, онда 1227 жан тұрады. Халық негізінен ауыл шаруашылығы, яғни егін егу және мал шаруашылығымен айналысады. Күріш дақылын өсіруге басымдық берілген. Ауыл округінде 1 орта мектеп, 1 бөбекжай, мектеп жанындағы шағын орталық, 1 дәрігерлік емхана, 1 фельдшерлік бекет, мәдениет Үйі, кітапхана, пошта, АТС қалыпты жұмыс атқарып халыққа қызмет көрсетуде. 2017 жылы 2558 гектар күріш егіліп, гектарына 59,5 центнер өнім алынды. Сонымен қатар, 873 гектар ескі жоңышқа, 228 гектар жаңа жоңышқа, 41 гектар картоп, 80 гектар жаздық бидай егіліп жиналды.
Міндетті оқу қоры есебінен жазғы тынығу лагерлерінде - 24 бала демалып, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалауға 23 оқушы барып қайтты.
2017 жылға салық түсімдеріне сәйкес жер, мүлік, көлік салықтары және тағы да басқа түсімдер есебінен жоспар 119 пайызға артығымен орындалды. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында «Таң бөбегі» атты бөбекжайы пайдалануға беріліп, 22 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, күріш ақтау цехы, құс асырау фермасы, мал сою пункттерінің құрылысын жүргізу үшін жер телімдері табысталған. 2018 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
«Құлан» бағдарламасы аясында «Жарқынай» шаруа қожалығы 10 млн теңге несие алып, 1 бас асыл тұқымды айғыр және 24 бас жергілікті аналық жылқы малдарын сатып алып, жұмыс жасауда. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша «Доспанов К» жеке кәсіпкерлігі өз қаражаты есебінен 197 бас уақ мал алып, шаруашылығын жүргізіп жатыр. Спортпен айналысушылар саны жылдан-жылға көбеюде. Бокс үйірмесіне 40 бала тартылған, қазіргі таңда бокс үйірмесіне қатысып жүрген жасөспірімдер республикалық турнирлердің жеңімпазы атанып, облысымыздың намысын қорғап жүр. Сондай ақ, «Таң ЛТД» ЖШС-мен мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында 2018 жылы жаңадан спорт ғимараты құрылысы салынып, пайдалануға берілетін болады.
Ауыл тұрғындарына 24 сағат ауыз су берілуде. Бұдан басқа Таң ауылдық округіне қарасты мектепке оқушылар тасымалы үшін 2018 жылы жаңа шағын автобус аудандық білім бөлімінен берілетін болады. Алдағы 2018 жылы да Таңдағы толымды тірліктер өз жалғасын табатын болады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2018 г. 142 0