Кәсіпкерлік саласы ауқымды жобаларға жол ашты

Арал ауданы әкімінің ел алдындағы есебі Қосжар ауылдық округінде жалғасты. Есепті кездесу барысында өткен жылы атқарылған ауқымды шаралар баса айтылды.
Атап айтқанда, Қосжарда өткен жылы жеке әріптестік негізде талапқа сай ауылдық медициналық бекет пайдалануға берілді. Сонымен бірге, бұған дейінгі есепті кездесуде көтерілген мәселелер бойынша ауылдағы мектепке дейінгі 250 метр жолды асфальттауға аудандық бюджеттен тиісті қаржы қаралап, жұмыстар толықтай орындалып, жергілікті халық игілігін көруде. Ұялы байланыс орнату мәселесі де назардан тыс қалмай, тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру бағыты бойынша ауыл тұрғыны А.Шораева өз қаражаты есебінен қоғамдық монша салып, жұмысын жүргізуде. Осы бағытта ауыл тұрғыны Н.Шарипова да өз қаржысы есебінен шаштараз ашып, кәсібін дөңгелетуде.
Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» жобасымен және «Бизнес кеңесші» бағдарламасымен 2 адам оқу курстарына қатысып, «РИЦ Қызылорда» ЖШС шағын несие серіктестігі арқылы 4 млн теңгеден (8млн) несиеге қол жеткізді.Бүгінде Ақбай елді мекенінен жер телімін алып, құс шаруашылығын дамыту мақсатында жұмыстар жүргізуде.
Осылайша өткен жылдың ауқымды істерін ой елегінен өткізген есепке тұрғындар белсене қатысып, бір ауыздан жүргізіліп жатқан мемлекет саясатына риза екендіктерін білдіріп, аудан басшысының есбіне оң баға берді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2018 г. 96 0