ЖҰМЫСТЫ ЖҮЙЕЛЕУ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Сейсенбі күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қыз­меттер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының  бірінші отырысы өтті.

 Онда екі мәселе қаралды. Алдымен мәселе департамент жанындағы мем­лекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының биылғы жылдың бірінші жарты­жылдығына арналған жұмыс жоспарын бекіту, екінші мәселеде ведомствоаралық жұмыс тобының төрағасы Абзал Мұхимов пен топ мүшелері Қызылорда қаласында ор­наласқан бос жер учаскелерін анықтау бойынша  өткен жылы атқарылған жұ­мыс­тарды саралады.  Сонымен бірге  «Азаматтарға арналған үкімет»  мем­лекеттік корпорациясы» ком­мерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – жер кадастры және жылжымайтын мүлікті  техникалық тексеру депар­таментінің директоры Ақылбек Мұхаддастың есебін тыңдады.

Жиын соңында жұмыс  тобының мүшелерімен тиісті мемлекеттік орган­дарға тапсырмалар берілді.

С.Қорғанбайқызы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 қаңтар 2018 г. 108 0