БІЛІМГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

  Тың серпіліс әкелген Жолдауды №3 мектеп-лицей ұжымыда қолдап, кеңінен талқылады.

–  Елбасының биылғы Жолдауының жетінші міндетінде сапалы білім беруге  айрықша тоқталған. Оның ішінде сандық білім беру мүмкіндіктерін айтар болсақ, біздің мектебімізде ата-ана мен оқушыны байланыстыру үшін

электронды күнделік пен журнал жұмыс жүйемізге енгізілді. Бұл арқылы әрбір ата-ана баласының оқу үлгерімін біліп отырады. Сонымен қатар, барлық ұстаздар сабақ беру барысында озық технологияны қолдану арқылы білім сайттарымен жұмыс жасай алады. Оқу материалдарының барлығы электронды нұсқаға көшірілді. Бұл мұғалімдердің бір-бірімен тәжірибе алмастыруда мол мүмкіндік береді, әрі тиімді әдіс болып табылады, Осы ретте Елбасының Жолдауынан туындайтын сандық білім беру жүйесін бір ауыздан қолдаймыз, – деді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Аманғали Есімов.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.

“Сыр бойы” газеті.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 қаңтар 2018 г. 124 0