Жаңартылған мазмұн

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалына қарасты «Ақмешіт» БПҰ дағы Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын мектеп ұжымымен бірлесіп танысты. Елбасының еліміздің одан әрі дамуы үшін 10 нақты тапсырмасы көңіл қуантарлық жағдай.
Ал 7-ші тапсырмадағы мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 пайызға көбейту туралы тапсырмасы ұстаздарды қуантып тастады.
Жаңартылған мазмұн дегеніміз-халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары біздің мектебімізде 76 ұстаз жаңартылған бағдарламамен білім алған, сертификаттары бар. Жалпы жиналысқа қатысушылар Елбасы жолдауын қуаттайтындықтарын, жолдауды қолдайтындықтарын білдірді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қаңтар 2018 г. 121 0