Мәжіліс депутаттарымен кездесу

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Тасболатов Абай Бөлекбайұлы, Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы, Ералиев Абзал Жұмашұлы және Шиповских Геннадий Геннадьевичтің қатысуымен кездесу өткізілді.

Кездесу Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Бержанов Омар Құмарұлының алғы сөзімен ашып, қатысушы қонақтарға алғыс білдірді және Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің қызметі туралы қысқаша баяндады. Өз сөзінде ол облыс аумағында техногендік төтенше жағдайлардың санын қысқарту және одан келген зардап шегушілерді азайту жөнінде атап өтті.

Мәжіліс депутаты Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы өз сөзінде ең бірінші кезекте Президенттің халыққа Жолдауының жетінші тапсырмасы – сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтты. Сондай-ақ депутат елде болып жатқан оң өзгерістерге тоқталды. Әңгіме барысында депутаттар білікті кадрларды жинақтау барысына ерекше назар аудару жөнінде айтты.  Шалғай елді мекендерді өрттен қорғау және өрт сөндіру бөлімшелерінің өрт сөндіру техникасымен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.

Кездесу барысы депутаттардың облыстағы азаматтық қорғау органдарының музейін тамашалауымен және Қызылорда облысы ТЖД Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі басқармасы жұмысымен танысуымен  тәмамдалды.   

Қызылорда облысы ТЖД

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қаңтар 2018 г. 111 0