ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Жалағаш ауданы әкімі аудан орталығында және ауылдық округтерде бизнесті түбегейлі жақсарту және кеңейту, жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру бағытында бірқатар тапсырмалар беруде.
Күні кеше аудан әкімі бастаған бірқатар кәсіпкерлер, ауыл әкімдері, бөлім басшылары Шиелі өңіріне арнайы сапармен барып, Шиелінің кәсіпкерлік нысандарын, өндіріс орындарын аралады. Іссапардың түпкі мақсаты - ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамытып, аудан кәсіпкерлерінің өз кәсібінің көкжиегін кеңейтіп, аудан экономикасын өркендетуге үлес қосуы. Осы орайда кәсіпкерлер өндіріс технологиясын жетілдіру жолдарын талқылап, шиелілік кәсіпкерлермен өзара тәжірибе алмасты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қаңтар 2018 г. 275 0