Смартфон аккумуляторын 5 минутта қуаттайтын құрылғы жасалды

Америкалық Elecjet компаниясы самртфон аккумуляторын бес минутта қуаттандыратын құрылғы жасап шығарды, - деп хабарлайды TengriMIX.
Компания мамандары жаңа USB Type-C портативті жалғастырушы тетігін жасап шығарды. Құрылғы смартфон, планшет пен ноутбукты жылдам қуаттай алады. Оны сынақтан өткізу арқылы iPhone X және iPhone 8 90 минутта, ал iPhone 5, 6, 7 және SE 5-10 минутта толық қуат алатыны анықталды.
"Кофе ішіп болғанша аккумулятор девайсыңызды толық қуаттай алады, оның үстіне қолыңызда үнемі ноутбуктың қуаттаушы құрылғысы болады", - дейді Elecjet мамандардың бірі Уэйд Лам.
Бұл құрылғылар саудаға 2018 жылы шығады деп жоспарланған.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қаңтар 2018 г. 613 0