Волейболдан Қазақстан чемпионаты басталады

Қызылордада қыздар арасында волейболдан ҚР чемпионатын өткізу игі дәстүрге айналды. Ертең «Мұз айдыны» спорт кешенінде волейболдан 2004-2005 жылдары туылған жасөспірім қыздар арасында Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты басталады.
Жарысқа Астана, Алматы қалаларынан, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Қызылорда облыстарынан 16 команда, 250-дей спортшы қатысады.
Айтулы ел чемпионаты облыс бойынша екінші мәрте өткізілсе, республикада үшінші  мәрте ұйымдастырылуда. Былтырғы жылы Сыр елінде ҚР көктемгі чемпионаты өткізілген болатын.
Жарыс 5 қаңтар күні сағат 9.00-де басталады, 12.00-де салтанатты ашылуы өтеді. Чемпионаттың жеңімпаз және жүлдегер командалары 10 қаңтар күні белгілі болады.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қаңтар 2018 г. 99 0