Германиядағы аукционда жиырма тұрғыны бар ауыл 140 мың еуроға сатылды

Алвин бұған дейін 2000 жылы сатылған болатын. Алайда иесі ауылды көркейте алмағандықтан, оны қайта сатып жіберді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Лента.ру басылымына сілтеме жасап.

Берлиннен 120 км қашықтықта орналасқан кішігірім елді мекен Алвин аукционда 140 еуроға сатылды. Осылайша жаңа қожайыны 12 ғимарат пен көлікжай иеленді.

Бұрын аталған ауылда көмір өңдейтін зауыттың қызметкерлері ғана тұрған. Берлин керегесі құлатылғаннан кейін зауыт жабылып, жастар ауылдан кетіп қалады. Дәл қазір аталған ауылда 20 қария тұрып жатыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 желтоксан 2017 г. 101 0