ИТ ЖЫЛЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ?

Міне, ит жылы төрімізге енді. Жыл санауында ит жылын игіліктің бастауы  деп атайды.  Өткен тауық жылына өкпеміз жоқ. Біршама жетістіктерге жетіп, жарқын істермен есте қалды. Ал енді ит жылынан да күтеріміз мол. Ит жеті қазынаның бірі болғандықтан ба, бұл жыл халық үшін жайсыз емес. Мешін, тауықтан кейінгі ауыртпалықтан ит жылы біршама жеңілдей түседі деген сенім қалыптасқан. Бұл жыл өте жеңіл және сәтті жылдардың қатарына енеді. Қарапайым, адал, сезімтал да салмақты адамдар өмірге келеді. Мәселен, Сократ, Ги де Мопассан, Александра Дюма Эрнест Хемингуэй, Жака-Ива Кусто, Юрий Гагарин, Софи Лорен, Майкл Джексон осы ит жылында туғандар. Бұдан бөлек, қол қусырып қарап отырмай, еңбек еткендер үшін ит жылы қаржылық тұрғыдан тұрақты болады. Халық арасында келер жылға қарызбен өтпеу керек деген ырым бар. Егер қарызыңызды қайтармай қойсаңыз жыл бойына қарызданып өтесіз деген. Сол үшін қарызыңыз болса құтылғаныңыз абзал. Адамның адамгершілігі қаншалықты жоғары болса, бұл жыл ол адам үшін соншалықты жемісті болмақ. Себебі, ит жылы әділдіктің, достықтың жылы. Сонымен жұлдыз-жорамал не дайындап тұр?
ТОҚТЫ. Бұл жыл түрлі жетістіктерге толы болады. Тек нақты жоспарыңыз  болуы керек.  Осы жоспарға небір батыл идеяларыңызды жазып қойыңыз да, олардың орындалары анық. Бизнес бастасаңыз сәтті болады. Басы бос тоқтылар өмірлік жарын табатын жыл. Бұрын ешкім назар аудармаған таланттарыңыз ашылып, жұрт мойындайды. Батыл қимылдау шарт. Оған қоса білікті адамдардың  кеңесіне құлақ түре жүрген жөн. Уақ-уақ дем алып, күш жинауды ұмытпаңыз.
ТОРПАҚ. Сіз үшін шығармашылық жылы болмақ. Тіпті өзіңізді өнерден құралақан санасаңыз да, дәл осы жылы бойыңызда түрлі қасиеттің бар екенін байқап, оны көрсете аласыз. Өзіңізді жан рахатына бөлейтін өнер түрлерін есіңізге түсіріңізші.  Бәлкім бұл музыка немесе бейнелеу өнері шығар. Дәл осы жылы өнер өміріңізді күрт өзгертеді. Жыл басында бастасаңыз, жетістіктерін көресіз. Оған қоса бұл ісіңіз сізге биыл материалдық  қуаныш та сыйлады.
ЕГІЗДЕР. Биылғы жыл сіздің алдағы бірнеше кезеңдеріңізде болатын өзгерістерді  бастайтын жыл саналмақ. Көптен күткен жаңалықтар болады. Сәттілік пен табыс өміріңіздің әрбір  салаларынан көріне бастайды. Бірақ сіз осы салалардың арасынан бірін таңдап, бар күш-жігеріңізді салыңыз. Әсіресе, көктем мезгілі сіз үшін ерекше болады.  Бойыңызға біткен қуатты энергетиканы махаббатқа жұмсаңыз. Себебі, махаббатсыз-өмір бос. Шілде немесе тамыз айларында демалысқа шығып, тынығыңыз. Жаздың соңында керемет оқиға күтіп тұр.
ШАЯН. 2018 жылы шаяндар осы уақытқа дейін тығылып келген «қауіпсіз» орыннан шығып, нағыз өмірге кіреді. Биыл олар өмірдің түрлі-түсті бояулары мен қызығына енетін жыл болады. Көктемде өміріңізге  ірі өзгерістер әкелетін ұсыныс аласыз. Бас тартуға асықпаңыз. Әрине, сіз жаңа іске кірісуден қорқып, қашқақтап жүретінсіз. Бірақ батыл қадам жасайтын кез келді. Болашақтың қандай болатынын ешкім білмейді. Алда сізді сәттілік күтіп тұр.
АРЫСТАН. Биылғы жыл сізге сенімділік сыйлайды. Ит жылы өміріңізге әкелетін өзгерістер сізді таңғалдыруы да мүмкін. Бәрі сондай жылдам және кездейсоқтан болып отырады. Ештеңеден қорқуға болмайды. Барлық жаңалықты сабырлықпен қарсы алып, асықпай қимылдаңыз. Тым белсенділік танытпаңыз. Себебі көктемде сізді түрлі жаңалықтар күтіп тұр. Сонымен бірге болашақ өміріңіз бен карьераңыз да өзгеруі мүмкін.
БИКЕШ. Ит жылы сіз үшін ертегілер әлеміне есік ашады. Тіпті өзіңізді сиқыршы сезінесіз. Тек ғана осы ғажайыптарға және олардың болатынына сену керек. Себебі көп жағымды өзгерістердің орын алуы тек өзіңізге байланысты. Ішкі дауысыңызды тыңдаңыз. Тіпті бәрі быт-шыт болып бара жатса да, өзіңізге деген сенімді  жоғалтпаңыз. Барлық нәрсенің аяғы жақсылықпен аяқталары анық. Сапалық жағынан әлдеқайда жақсы, жаңа өмірге аяқ басатын кез келді.
ТАРАЗЫ. Ит жылы сіз үшін берекелі жыл болмақ. Осы уақытқа дейін басыңызды ауыртқан материалдық мәселелердің бәрі шешіледі. Шешімі өзіңіз күткен жақтан келеді. Күтпеген жерден келіп жатқан көмек пен жақсылық өзіңізге деген сенімді күшейтеді. Бірақ бәрі ғажайып ертегі болады деп ойламаңыз. Бұл жылдың сізге әкелер сыны да бар. Сондықтан сыр аша беруден сақ болыңыз.
САРЫШАЯН. Сарышаян бұл жылы олжалы болады. Табыс әкеледі. Сондықтан сейф және банктегі есепшоттарыңызды дайындай беріңіз. Ит жылы сізге өте көп ақша түседі. Қаражат ойламаған жақтан құйылып келе бастайды. Бірақ оны шашып жібермей, өзіңізді дамытуға жұмсаңыз. Өміріңізге жаңа мән-мағына беретін салаға бет бұрып, сонымен айналысыңыз. Бас айналдыратын жетістіктерге жете аласыз. Бәрі өз қолыңызда. Тек  ғана бастап жіберсеңіз, әрі қарай ойдағыдай жалғасын табады.
МЕРГЕН. Ит жылы сіздің армандарыңызды орындауға дайын. Арман-тілегіңізді айтып жүріңіз. Кіршіксіз махаббатты қалайсыз ба? Мінекиіңіз! Мәнсап керек пе? Ол да бар! Ақша дейсіз бе? Алыңыз! Бәрі өздігінен келе бастайды. Ойласаңыз, болғаны. Бірақ бәрінің де қайтарымы бар екенін ұмытпағайсыз! Жұмыс бар уақытыңызды алады. Көңіл көтеруге де уақыт жетпей қалады. Нені қаласаңыз да, ойланып барып, таңдау жасағаныңыз жөн.
ТАУЕШКІ. Тауешкілер үшін қимылдайтын кез келді. Ит сізді әлі-ақ жүргіртеді. Жұмыс та көп, жауапкершілік  те бастан асып жатыр. Барлық іспен бір дегеннен айналысу керек болады. Білегіңізді сыбанып, жұмыс та істейсіз, оған қоса жаңа бір қозғалысты бастауыңыз мүмкін. Белсенділікті қай салада танытатыныңыз бәрібір. Ең бастысы, қол қусырып, отырып қалмаңыз.
СУҚҰЙҒЫШ. Өткен жылыңыз қалай өтіп еді? Ауқымды істер бастап па едіңіз? Ойланыңыз. Себебі ит жылы өткен жылы бастаған істеріңізді жалғастыратын жыл болмақ. Ал егер әлі де өзіңізді іздеп жүрсеңіз, есіңізде болсын! Жүрегіңізді ашыңыз! Өмірге көзіңізді кең ашып қараңыз, түрлі дыбыстарға құлақ түріңіз. Ит жылы сізге тамаша табыс пен атақ, даңқ әкеледі. Өмірлік жолыңызды сізді алақанына салып, аялайтын адамдар кезігеді. Бірақ кейіннен атақ буына мас болып, оларды ұмытып кетпеңіз.  Алғыс айтуды да естен шығармаған жөн. Әйтпесе тез келген нәрсе тез жоқ болады.
БАЛЫҚТАР. Балықтар үшін жарқын, есте қаларлық болмақ. Біреулер өмірдің мәнін ұғады, біреулер көптен күткен сәбилерін құшағына алады. Енді бірінің лауазымы өседі. Бір сөзбен айтқанда, өмірлік маңызды өзгерістер болады. Ең бастысы, өзгерістердің бәрі жағымды болатыны анық. Бірақ ит сізге тегін қызмет көрсете бермейді. Өзіңізге берілген бақыттың бөлшегін иелену үшін өз үлесіңізді қосуға даяр болыңыз. Бұл жыл сізден өмірге деген көзқарасыңызды өзгертуді сұрайды.

Дайындаған
Сара АДАЙБАЕВА.
«Сыр бойы».

ЖАРНАМА 08 қаңтар 2018 г. 863 0