САҒЫНЫШ  СЫРЛАРЫ

САҒЫНЫШ СЫРЛАРЫ

Жас ұрпақ ата-бабаларымыздың даңқты жолын жақсы біліп, келешекке жеткізуі керек. Бұл түптеп келгенде қоғамымыздағы тыныштық пен келісімнің, ел өркендеуінің басты кепілі болмақ. Бүгінгі бақытты өміріміз бен нұрлы болашағымыздың негізін салушылар қатарында жерлесіміз Байзақов Маширхан атамыз да бар еді.  
Тарих 15 мамыр 2018 г. 439 0
Сақ мәдениетінің мұрасы – Шірік-Рабат қалашығы

Сақ мәдениетінің мұрасы – Шірік-Рабат қалашығы

 Сыр өңіріндегі сақ дәуірінен сақталған ежелгі қалалардың бірі– Шірік-Рабат қалашығы. Шірік-Рабат қалашығы оңтүстік-батысында Парсы елі, терістігінде Ресей мен оңтүстік-шығысында Қытайды жалғастырған Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан. Шаһар сол заманда өмір кешкен  халықтардың Хорезм, Парсы елдерімен шекаралық бекінісі рөлін атқарған. Өйткені, бұл елдердің байланысы кезінде арнасы тасыған Жаңадария арқылы жүріп отырған.
Тарих 11 мамыр 2018 г. 308 0

АҚМЕШІТ- ПЕРОВСК-ҚЫЗЫЛОРДА «Қызыл паровозбен» келген көш

Ресей Орталық атқару комитеті мен халық Кеңесі комиссариатының 1920 жылғы 26 тамыздағы декретімен Қырғыз (Қазақ) Автономиясы Советтік Социалистік республикасы құрылды. 4-12 қазанда Советтердің Бүкілқырғыз (Қазақ) Автономиялы республикасының құрылтай съезі болып, онда РСФСР құрамында КАССР құрылғанын бекітті. Орынбор астана болған жылдары онда Кеңестердің 4 съезі өтті. Соңғы съезд 1924 жылдың 4-10 қаңтар аралығында болып, Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеуді тездету туралы мәселе қаралды. 1925 жылы  Түркістан АКСР-нің құрамында болып келген Сырдария және Жетісу облыстары, сондай-ақ Қарақалпақ автономиялық облысы  Қазақ Автономиялық республикасы құрамына енді. Сөйтіп ел астанасын алыстағы Орынбор қаласынан қазақтың қалың ортасына көшіру мәселесі көтерілді. Бір жағынан Орынбор мен оған қарасты губерния халқының басым көпшілігі орыстар болатын. 
Тарих 04 мамыр 2018 г. 255 0
АҚСҰҢҚАР  ҚҰСТЫҢ ТҮЛЕГІ

АҚСҰҢҚАР ҚҰСТЫҢ ТҮЛЕГІ

  Атамыз қазақ қай заманда болмасын сұңқарды қыран тектес құстардың ішінде айрықша бағалаған. Құсбегілердің ішіндегі ерекше болмыстағы кәнігілерінің өзі қия жартастардың биік шыңдарынан осындай тектілерін ғана ептілікпен ала білген. Бір таңғаларлығы, осындай тектен шыққан қырандар адамға қанша бауыр басқанымен, еркіндікке шыққан кезінде өзінің ұя басқан мекеніне, тамыр тартқан топырағына бір соқпай кетпейді екен. Бұл құдірет табиғи тартылыс күші тәрізді туған жердің ерекше қасиеті мен киесінде жатса керек.
Тарих 29 сәуір 2018 г. 233 0
ҚАҺАРМАН ҚАЛАНЫҢ ҚАЙСАР РУХЫ

ҚАҺАРМАН ҚАЛАНЫҢ ҚАЙСАР РУХЫ

Республикамызда жасақталған бірнеше әскери құра­малардың ішінде 101-ші дербес ұлттық атқыштар бригадасы түгел дерлік қазақ жауынгерлерінен құралған еді. Бригада соғыстың алғашқы жылдарында саны мен сапасы басым, сол заманның озық соғыс құралдарымен жабдықталған Вермахтың Мәскеуге тікелей шабуылдаған «Орталық» тобына қарсы тұрып, қанды шайқастарға қатысты. Сол кездері Батыс майданының Ржев-Сычев бағытындағы «Ржев аңғары», «Ржев асуы», «Ржев қазаны», «Марс операциясындағы» шайқастарға қатысқан қазақтың 100-ші, 101-ші ДҰА бригадасының жауынгерлік ерліктерін көзімен көрген әскери жазушы-журналист, бірнеше тарихи кітаптардың авторы, киносценарист Константин Симонов «Бұл шайқастағы жауынгерлер, өмір үшін емес, өлім үшін шайқасты» деп жазған болатын. Батпақты да орманды бұл аймақтан тікелей Мәскеуге шығатын тас және темір жол стратегиялық маңызы бар Ржев қаласы еді. Сондықтан да немістер осы қаланы 1941 жылдың 14 қазанында басып алып, 17 ай бойы оккупациялаған болатын. Қала жастары Германияға жөнелтіліп жатты. Олардың мойнына нөмірленген жетондар байланып, тәулігіне екі рет неміс комендатурасынан тексеруден өтіп тұрған. Күдікті деп ұсталған адамдарды топтап шіркеулерге қамап, минамен жарып жіберіп отырды. Майдандар және партизан құрамаларында шайқасқан өңір тұрғындары да жаудан өшпенділікпен кек алып отырды. Тек қана Оленино ауданынан 13 Кеңестер Одағының батыры шыққан. 1943 жылдың 3 наурызында Ржев қаласы немістерден азат етілді.
Тарих 26 сәуір 2018 г. 259 0
ҚОЖАМБЕРДІ БАТЫР

ҚОЖАМБЕРДІ БАТЫР

Дерек көздері бойынша Қоңырат тайпасынан тарайтын ұрпақтардың бірі Тәңірбердінің (лақап есімі Көшенші) Сүйеліш, Мақы, Сопы, Досымқұл атты төрт баласы болыпты. Қожамберді сол төрт баланың ішіндегі Мақының немересі. Ал Тәңірберді Керей мен Жәнібек қазақ хандығын құрып, өз алдына мемлекет шаңырағын көтергенде ішінде болған тұлға және өзінің ұлдарын хан жасағына қосқан. Қариялар Мақының Қарақұдайберді, Қанымкүл есімді ұл-қызы болғанын ғана айтады.
Тарих 26 сәуір 2018 г. 521 0
Ерлігі елге мәлім хан Сырлыбай

Ерлігі елге мәлім хан Сырлыбай

Ұлан байтақ жерін алакөз жаулардан қорғау үшін ат арқасына қонған батыр бабаларымыздың есімі ел жадынан өшкен жоқ. Солардың қатарында Сыр топырағынан да елге қорған болған талай ерлер шыққан. Азаттық жолында ту көтерген ерен батырлардың бірі – Сырлыбай Шабақұлы.
Тарих 21 сәуір 2018 г. 308 0
Ақмешіт– Перовск–Қызылорда

Ақмешіт– Перовск–Қызылорда

Ресейдегі Уақытша үкімет 1917 жылы 5 наурызда жергілікті жерлерде басқару жұмысымен айналысатын мекемелер құру туралы қаулы шығарып, облыс, уез, болыс және ауылдарда құлаған ескі үкіметтің орнына жаңа басқару орындарын құра бастайды. Бүкіл Ресейдегі сияқты қазақ даласында да Уақытша үкіметтің билік орындары алғашқы кезеңде азаматтық комитеттер есебінде пайда болды. 
Тарих 19 сәуір 2018 г. 359 0
Сыр өңірі қасиетті жерлерінің географиясы

Сыр өңірі қасиетті жерлерінің географиясы

«Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі», – деген еді Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында.
Тарих 19 сәуір 2018 г. 543 0
Мәдени  мұра – мәңгілік  ел  құндылығы

Мәдени мұра – мәңгілік ел құндылығы

ЮНЕСКО жанынан құрылған Ескерткіштер мен көрікті орындар мәселелері бойынша халықаралық кеңес Ассамблеясының ұйғарымымен 1982 жылдан бері 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні ретінде аталып өтеді. Елімізде де бұл мерекеге ерекше сипат берілген. Рухани даму бағытының түп-төркіні – тарихи-мәдени құндылықтарымызды терең танып, кеңінен насихаттап, сонымен бірге, қорғау шаралары қолға алынып отыр.Мерекеге орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Тарихи-мәдени мұра: тәжірибелер, мәселелер және даму болашағы» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті. 
Тарих 19 сәуір 2018 г. 243 0