АСТАНАЛАР ТАРИХЫ АСТАСҚАНДА

АСТАНАЛАР ТАРИХЫ АСТАСҚАНДА

Қайсыбір мемлекеттің болмасын, тарихында астаналар айшықты орын алады. Ұлттың өсуіне, мемлекеттіліктің ор­нығуына зор ықпалын тигізеді. Осы орайда қазақ елінің қазіргі астанасының тағдыры арғы кезеңдегі астаналардың тарихымен сабақтасып жатқанын айтуға тиіспіз.
Тарих 09 шілде 2018 г. 1 009 0
Сыр бойындағы шайқастар

Сыр бойындағы шайқастар

Сығанақтағы шайқас – 1219 ж.1219 – 20 ж. Сығанақты Жошы әскері басып алып, өзіне қатты қарсылық көрсеткендерді қырғынға ұшыратты. Осы кезден бастап қала Жошы ұлысына қарады. Сығанақ кейін Ақ Орданың, көшпенді қазақ-өзбек  Шайбанид  Әбілқайыр ханның және Қазақ хандығының астанасы болған.
Тарих 21 маусым 2018 г. 971 0
Уәлі  би Итенұлы

Уәлі би Итенұлы

Ертеректе Сыр бойында, қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы жұртшылығының арасында және Ырғыз, Торғай, Еділ өңірінде Уәлі бидің есімі кеңінен мәлім болған. Халық оны әділ де бірбеткей кесімді жақтайтын, сонысымен бүкіл жұртшылықтың құрметті биі есебінде біледі.
Тарих 21 маусым 2018 г. 4 142 0
КӨНЕ ҒАСЫР КӨМБЕСІ

КӨНЕ ҒАСЫР КӨМБЕСІ

Шет жұрттан қазақ даласына келген адам ұшы-қиыры жоқ, аспанмен астасқан баябан даланы көріп, тілсіз сұлық жатқан меңіреу далаға адасып қалғандай күй кешері анық. Сырт көзге солай болар. Ал көзі қарақты жан әр төбесін түртіп қалса ескі көзе, құмыра, қыш кесектер сынығына кезігері сөзсіз. Одан әрі індете түссеңіз, өткен ғасырлардағы өркениет орны қалаларға жетелей жөнелері тағы анық.
Тарих 21 маусым 2018 г. 165 0

Қызылордада көне шаһардан Хан шатырына ұқсас ғимарат орны табылды

Сыр өңіріндегі көне шаһардың бірі - Қышқаладан археологтар елордадағы «Хан-Шатырға»  ұқсас ғимарат орнын тапты. Ғимарат керамикалық тастармен әрленген. 8 бұрышты. Онда 4 гүлзар тұғыры бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Тарих 20 маусым 2018 г. 689 0
КӨНЕ ТАРИХ КӨМБЕСІ

КӨНЕ ТАРИХ КӨМБЕСІ

Теміржол вокзалына бара қал­саңыз, жанынан тарихи ғимаратты бай­қай­тыныңыз анық. Ішіне енсеңіз, сан ғасырлық сырды бүккен көне жә­дігерлерге куә боласыз. Сыры кетсе де сыны кетпеген бұл ғимараттың музей екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Сонау Николай патша заманынан бері келе жатқан  ғимарат 1905 жылы салынған архитектуралық тарихи мұра. 1917 жы­лы әскери казарма болған нысан кейін сан түрлі мақсатта қолданылды. 2004 жылы қайта қалпына келтіріліп, «Ақ­мешіт» музейі болып ашылды. Мұнда Ақмешіт, Перовскіден бастау алатын тарих легі бүгінгі күннің мұраларымен ұштасып жатыр. Тарихи жәдігерге толы мұражайға кіргеннен өзгеше әсерге бөленесіз. Қадым замандағы қыш құмыралар, ағаштан жасалған ыдыстар бірден өзіне үйіріп әкетеді.
Тарих 05 маусым 2018 г. 664 0
САЯСИ СҮРГІННІҢ ҚАЛЫҢ ҚАСІРЕТІ

САЯСИ СҮРГІННІҢ ҚАЛЫҢ ҚАСІРЕТІ

Қазақ ұлт болып қалыптасқан ғасырлар бедерінде талай зобалаң мен дүрбелеңді бастан өткерді. Арғы-бергі тарихтың қалың қатпарларында төгілген қан мен ащы тердің, нәубетке толы кезеңдердің бізге жетпеген белгілері жатыр. Бағзы замандарды былай қойғанда өткен жүз жылдықта қазақ халқының басынан кешірген ең бір ауыр зұлматы бұл – ашаршылық пен қуғын-сүргінге ұшырауы еді.
Тарих 31 мамыр 2018 г. 535 0
Сәкен Сейфуллиннің өз қолымен жазылған өмірбаяны табылды

Сәкен Сейфуллиннің өз қолымен жазылған өмірбаяны табылды

Сәкен Сейфуллиннің қолжазбасы бар жеке іс құжаттары табылды. Бұл туралы Алматы телеарнасы жазады.
Тарих 29 мамыр 2018 г. 590 0
МӘМЕК БАТЫР

МӘМЕК БАТЫР

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, Бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті» деп атап өтеді.
Тарих 22 мамыр 2018 г. 541 0
ҚОҚАН БИЛІГІ ТҰСЫНДАҒЫ СЫР ӨҢІРІ

ҚОҚАН БИЛІГІ ТҰСЫНДАҒЫ СЫР ӨҢІРІ

Орта Азия хандықтарының ішінде Хиуа, Қоқан хандықтары Сырдария өзенінің орта ағысындағы жерлерге өз билігін жүргізді. Қоқан хандығының құрылу үрдісі ХҮІІІ ғасырдың басында Ферғана аңғарында басталып, ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде Әлім хан және Омар хан тұсында аяқталды. Ерлігімен танылған қазақ-қырғыз батырлары Қоқан хандығы әскерінің құрамында қызмет етті. Бұл туралы ХІХ ғасырда өмір сүрген белгілі тарихшы Қ.Халид өзінің «Тауарих-хамса» атты шығармасында «Әуелі Әлім хан, соңынан Омар хан үш еркектің бірі әскер болуға тиіс деп жар салып, «үштің бірі ханың» деген сөз осыдан қалған. Мұнан бұрынғылар әскерге өз еркімен жазылып, қазынадан маяна (төлем) алатын болған. Қоқандықтар қажет кезде қазақтардың басшыларына шапан жауып, жігіттеріне ат-құрал беріп, «қыл-құйрық» етіп тағайындайтын болатын. «Қылқұйрық» деп атқа мінуге жарамды еркектердің бәрін жаппай майданға шығаруды атаған. Сондықтан да қоқандықтардың соғыс жүргізу әдісі де қазақтарға етене таныс болды. Бұл жағдай қазақ-қоқан қарым-қатынасында оң рөл атқарды.
Тарих 17 мамыр 2018 г. 619 0