МҰСТАФА ШОҚАЙ және ТӘУЕЛСІЗДІК

МҰСТАФА ШОҚАЙ және ТӘУЕЛСІЗДІК

Жақында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Мұстафа Шоқайтану ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Орталықтың мақсаты ұлы күрескердің мұрасын зерделей отырып, оның өміршең идеяларын насихаттау болып табылады.  Осыған байланысты жаңа айдарда саяси ғылымдарының докторы, профессор, орталықтың ғылыми кеңесшісі Әбдіжәлел Бәкірдің «Мұстафа Шоқай және тәуелсіздік» атты мақаласын ұсынып отырмыз.
ТАНЫМ 15 қазан 2016 г. 359 0
Теңізбен тамырлас тарих

Теңізбен тамырлас тарих

«Сыр – Алаштың анасы» экспедициялық тобы қарт Аралға келіп тоқтады. Әсем таби¬ғатымызбен қатар тарихымызды танытуда 4000 шақырымнан аса жол жүріп келген түсірілім тобы Арал қаласының күндері аясында өз жұмысына кірісті. Алдымен байырғы «Барсакелмес» қорығына барып, ондағы «Қызыл кітапқа» енген құландарды түсіруді мақсат еткен топ, сәл секемденсе сағым ұшындағы сұлбаға айналатын тарпаңдарды қолсозым жерден көруге мүмкіндік алды. Қарасының өзінен-ақ көбейгенін көңілге медет тұттық. Қорық инепекторларының айтуынша, биылғы сәуір айындағы жүргізілген есеп бойынша 513 бас тіркелген көрінеді. Бірақ, бұл тек ресми санаққа ілінгені ғана. Үйірден саяқ жүргендерінің өзі біршама екен. Сонау 1954 жылы Түркіменстанның Батқыз қорығынан жерсіндіруге әкелінген 7 бас Пржевальск жылқысы аман-есен өсіп-өніп, жер аумай қалды. Бүгінде тарпаңдар «Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығының инспекторларының қырағы назарында. 160800 гектарға созылып жатқан қорықта құландармен қатар қарақұйрық, ақбөкендер, шөл және шөлейтті жердің құстары мен балпақ, батпандар тіршілік етеді. 
ТАНЫМ 13 қазан 2016 г. 423 0
Дархан дала тұлғалары

Дархан дала тұлғалары

Елбасы «Жалпақ жұртыңды, иісі Алашыңды құрметтеу, алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, тұлғаларын ардақтаудан басталады» – деген болатын.  Осыны негізге алған "Сыр – Алаштың анасы” экспедициясы бұл жолы қазыналы Қазалы топырағына аялдады. Әрбір өлкенің өзіндік тарихи-мәдени ерекшелігі, сара жолы болады. Ұлы Жібек жолының бойындағы Жанкент, Мыңтөбе, Күйік-Қала, Кескен-Күйік секілді ертедегі қалалар саф алтынға бергісіз тарихи сырларды бүгіп тұр. Сараман-Қоса, Орақ, Бегім-Ана, Ұзынтам, Сарыбайқазған, Қазанғап сияқты жаугершілік заманда белгі беру мақсатында тұрғызылған тари¬хи мұнаралар мен Құттыбай, Сырлытам, Бақа би, Кәрібай, Найзағұл, Жанқожа кесенелері,  Дөңқазған, Үшназар, Қосым әулие, Жабағылы,  Әулиетөбе және Манас мазараттары сынды әр заманғы тарихи-сәулет ескерткіштері бүгінгі күнге терең ұрпақтар сабақтастығын сездіреді.
ТАНЫМ 11 қазан 2016 г. 561 0
Кейкі    батыр

Кейкі батыр

Бейсенбі күні ел тарихына қатысты үлкен бір оқиға өтті. Астанаға Ресейден Кейкі батырдың бас сүйегі әкелінді. Бұған дейін  белгілі болғандай, Ресей мен Қазақстан Үкімет басшыларының кездесуі барысында Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісінің белгілі көсемінің бас сүйегін елге қайтару жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілген болатын. Біз осы тарихи оқиғаға байланысты бүгін ұлт еркіндігі жолында жан қиған ер жайлы мақаланы ұсынып отырмыз. 
ТАНЫМ 08 қазан 2016 г. 407 0
Тарихи жәдігерлер өткеннен сыр шертеді

Тарихи жәдігерлер өткеннен сыр шертеді

Ұлттық мәдениетіміздің бір тармағы ата-баба мұраларынан сыр шертетін, олардың қалдырған өнегесін кейінгі ұрпаққа танытар тарихи-мәдени ескерткіштер екені анық. Қазіргі таңда халықтың ұлттық санасы оянып, тарихи тұлғалардың танылуына, архитектуралық, археологиялық ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұраның бай дүниесіне ұмтылысы күн санап дамып жатыр. «Сыр – Алаштың анасы» экспедициялық тобы өткенге құрметпен қарап, бүгінгіні қадірлеп, келешектің қамын ойлауды, көпшілік халықтың санасына қайта жаңғыртуға жұмыс жасауда.
ТАНЫМ 06 қазан 2016 г. 1 216 0
ҚАДЫМНАН ҚАЛҒАН ҚОЛТАҢБА

ҚАДЫМНАН ҚАЛҒАН ҚОЛТАҢБА

«Тарихты білмей, өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» деген екен Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз. «Сыр – Алаштың анасы» экспедициясының мүшелері ақпараттық-бейне, көркем сурет альбомына мәлімет жинау барысында Шиелі ауданында Қаратау тау сілемдеріндегі «Сауысқандық» шатқалындағы петроглифтерге арнайы түсіру жұмыстарын жасады. 
ТАНЫМ 29 қыркүйек 2016 г. 659 0
СЫР МҰРАБЫ ЫСҚАҚ АТА

СЫР МҰРАБЫ ЫСҚАҚ АТА

Су – тіршілік көзі. Өйткені онсыз өмір жоқ. Күн сайын тұрмысты сусыз елестету мүмкін емес. Күнделікті ауылшаруашылық жұмыстарында көп мөлшерлі су қажет. Бау-бақша дақылдары да сусыз өспейді. Айналып келгенде, өзегіңді жалғайтын, таңдайыңды жібітіп, шөліңді басып, тұла бойыңа қан жүгіртетін судың сол үшін де алатын орны маңызды.
ТАНЫМ 20 тамыз 2016 г. 299 0
ҚАЛИ КӨПІРІ

ҚАЛИ КӨПІРІ

Біздің ауылдың сыртында үлкен канал бар. Ол канал баяғыда Сталин каналы аталатын. Ал сол каналда "Қали көпірі” атты өткел бар. Сол көпірден әрі-бері өткенде осы өткелге атын қалдырған Қали шал есіме түседі.
ТАНЫМ 15 қаңтар 2016 г. 506 0
ТАНЫМ 27 маусым 2015 г. 575 0
60 ЖЫЛ ОҚПЕН ЖҮРГЕН ЖАУЫНГЕР

60 ЖЫЛ ОҚПЕН ЖҮРГЕН ЖАУЫНГЕР

Адамзат баласына қайғы-қасіретін жаудырған сұм соғыстың аяқталғанына да 70 жыл уақыт өтті. Сол кезде дүниеге келген сәби де 70-тегі қарияға айналды. Бейбітшілігіміз үшін от кешкен ардагерлеріміздің арты да 90-нан асып, ғасыр жасына таянды. Отан үшін от кешкен сондай қариямыздың бірі тоқсанның екеуіне келген Жұматай Тәжікенов атамыздың шаңырағына келіп, келе жатқан Ұлы Жеңіс күніне орай құттықтадық.
ТАНЫМ 26 ақпан 2015 г. 945 0