Кездейсоқ ашылған 9 ғылыми жаңалық

 
Кей жаңалықтар кездейсоқ ашылып жатады, кейде тіпті зерттеліп жатқан басқа бір саланың жанама әсерінің нәтижесі болып кетеді.

Қысқа толқынды пеш


Сенесіз бе, қысқа толқынды пеш кездейсоқ ойлап табылған. Инженер-өнертапқыш Перси Спенсердің оны қалай ойлап тапқаны жайлы небір аңыздар бар. Бір дереккөздер, Спенсер жұмыс істеп тұрған магнетронның қасынан өтіп бара жатып, қалтасындағы кәмпиттің еруін байқаған деседі. Тағы бірі, Спенсер магнетронда бутербродты ысытқан дейді. Қалай болғанмен де, оған дейін қысқа толқынды сәулеленуді тамақ ысытуға қолдану ешкімің ойына да кірмеген. 1940-жылдары Raytheon компаниясында жұмыс істеп жүрген кезде, Спансер бұрынғы еліне сіңірген еңбектерінен өзге, атын бүкіл әлемге паш екен өнертабысын жасап шықты. Қысқа толқынды пешке патент 1946-жылы берілді, ал пештің өзі «Radarange» деген атпен 1947-жылы жасалды. Ол биіктігі адам бойымен шамалас, салмағы 300 келі тартатын, қазіргі біз қолданып жүрген қысқа толқынды пештерге ұқсамайтын үлкен пеш болатын. Бағасы да өте қымбат еді  - шамамен 3 мың доллар. Тек 1960-жылдан бастап қана бағасы қолжетімді (500 доллар шамасында) және салыстырмалы түрде өлшемі де кіші тұрмыстық қысқа толқынды пештерді шығару жолға қойылды.

Тефлон


Тефлонның ашылуы, басқа да көптеген ғылыми жаңалықтар сияқты кездейсоқ болды. Бұл оқиға 1938-жылдың 6-сәуірде орын алды. Өнертапқыш мәртебесі Рой ДЖ.Планкетке тиесілі. Ол Нью-Джерси штатындағы Дюпон (DuPont) фирмасының зертханаларының бірінде жұмыс істейтін. Сол кезде Планкетт фреондардың қасиеттерін зерттеп жүрген еді. Бір күні ол тетрафторэтиленді үлкен қысымда мұздатқан болатын, нәтижесінде керемет қасиеттерге ие, аппақ ұнтақ пайда болады. Екі жыл өткен соң жаңа материал жарыққа шығып, «тефлон» деген атпен әлемге танылды.

Жүгері қауызы


Жүгері қауыздарының тарихы XIX ғасырдың басында жатыр. Батл-Крик шипажайының қожайындары дәрігер Келлог пен бауыры Вилл Кит Келлог жүгері ұнынан тамақ жасап жатқан болатын. Бірақ қонақ үйдің шұғыл жұмыстарымен шығып кетуге тура келеді. Қайтіп келгенде, қатаң есептеуде болған жүгері ұны аздап бұзылып кеткен екен. Бірақ олар сонда да ұннан қамыр илемек болады. Алайда қамыр иленбей, бүртіктеніп, бөлшектеніп  қалды. Ағайындылар амалсыздан жүгері қауызын қуырады, олардың бірі үлпілдек, бірі қытырлақ болып піседі екен. Нәтижесінде жүгері қауызын Келлог дәрігерінің емделушілеріне сүт пен зефир қосып, жаңа тағам ретінде ұсынды. Вилл Кит Келлог жүгері қауызына қант қосып жалпақ жұртқа лайықты тағам жасады. Осылайша, 1894-жылы өзіндік дәмі бар жүгері қауызын америкалық дәрігер Джон Харви Келлог патенттеді. Ал 1906-жылы Келлогтар тағамның жаңа түрін жаппай сатылымға шығарып, өз компанияларын құрды.

ТАНЫМ 06 тамыз 2018 г. 177 0