Бабадан қалған асыл сөз: қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың үш ғибратты әңгімесі

Қазақтың даналығы бабалар сөзі мен өсиеттерінде десек, артық айтқанымыз емес. Еліміздің мақтан тұтар тұлғалары, қайраткерлері арнайы білім алмай-ақ қалай дұрыс өмір сүру керектігін қарапайым халыққа көрсетіп отырған. Stan.kz ақпараттық агенттігі назарларыңызға билер мен шешендердің өмірінен алынған үлгілі оқиғаларды ұсынады.

Қазақ жеріне кезінде талай хандықтың құрылып, талай ханный билік еткені белгілі. Аңызға айналған оқиға   Абылай есімді ханның билік ету жылдарында орын алған.

Шайқастардың бірінде ханның мінген аты ауыр жарақаттанып қалады. Сол кезде бойшаң, шымыр жігіт өз атынан түсіп ханға табыстаған екен. Қазақ елінің көшбасшысы жігіттің осы әрекетіне таңғалып:

— Енді сен қайтесің? — деп сұраған. Сонда әлгі жігіт:

— Егер мен қайтыс болсам, менің әйелім маған ұқсайтын ұл баланы өмірге әкеледі. Ал, ұлы Абылай хан,  егер сіз өмірден озсаңыз, нағыз қайғы басталады. Халық қырылып қалады,— деген екен.

Ауыр шайқастан соң, Абылай хан қызметкерлеріне оған тұлпарын берген жігітті табуды бұйырады. Екеуі кездескенде ол жауынгерге:

— Балам,  қиын шайқаста өзіңе керек болса да атыңды маған бердің. Бірақ сен мені бұл әрекетіңмен емес, керісінше жас та болсаң да осындай сөздерді айта білуіңмен таң,алдырдың. Енді мейірімді жаның не қалайды, соны сұра:

— О, ұлы хан, маған ат та, алтынмен апталған шапан да, түлкі терісінен жасалған тон да керек емес. Маған оң тізеңіздің тұсынан орын берсеңіз, сол жеткілікті, — дейді жігіт. Сонда хан тақтың он жағында отырған биге:

Бауырыңа орныңды бер. Мен оған шайқастан аман шықсам, тілегеніңнің барлығын орындаймын деп уәде берген болатынмын, — дейді. Би ханның бұйрығын орындауға асыққан жоқ. Тек жігітке көзін алартып қарап:

— Сенің әкең дәрменсіз, байғұс адам еді. Сен ханның жанында не істейсің? Оның жылқы өсірушісі болып жүре берсең болмайды ма?— деді. Жігіттің түрі бұзылып кетеді. Бірақ ол биге өзінің нақышты жауабын береді:

— Біздің бабаларымыз егер қара халық арынан арылса, ханды құрметтеуді қояды деп айтқан. Қазақ жерінің ұлы ханы Абылайдың  сөзін екі рет қайталатқызуға қалай құқығың жетеді? Жоғал! — дейді ол.

Жігіт биді иығымен бір итеріп жібереді де, оның орнына отырып алады. Дәл осы жігіт ерлігімен, батылдығымен қазақ жерінде аңызға айналған Жәнібек хан еді.


Сырым Датұлының тек қана батыр, көшбасшы емес, дарынды би болғанын да білеміз. Тіпті, ол күрделі дауларда “Төбе бидің” рөлін атқарып, халық күрделі деп тапқан мәселелерді шешіп беретін.

Бір күні Сырымның алдына eкi адам келген екен.

Біреуі Сырымның жақын туысы, руласы болса, бидің руласы eкiншici басқа рудан шыққан жергілікті би. Екінші бидің айтуынша, ол жepгiлiктi бip қайраткерді еске алу үшін ұйымдастырылған ат жарыста бас бәйгені жеңіп алған. Сосын оның жорғасын атбегілер жоғары бағалап, болашағы зор асыл тұқымды ат екендігін болжапты. Бұл жорғаның табыннан бөлек жайылып, түнгі қотанға кейде келмей жайылымда қалатын еден бар екен. Бірде ол мүлде үйipгe қосылмай, iзiм қайғы жоғалады. Eкi жыл өткен соң, шағымданушы би шалғай жердегі Әлімұлы руларының жайлауындағы үлкен тойға қонақ боп барған екен.

Осында өткiзiлгeн ат жарыста ол шабысына, артқы аяғын сілтейтін әдебі мен сыртқы жабу түбіне қарап, бұрынғы жорғасын жазбай таниды. Бipaқ жорғаның жаңа иесі жануарды қайтарудан бас тартады. Жауапкер шындықты жасырмастан, өз түсініктемесін береді ол талапкер — бидің ауылынан алыс жерде табыннан ажырап, қасқырлардың талауына түскен жаралы атты табады. Оны бағып, қағып жазылған соң нағыз жорға екенін біледі.

Жауапкер жануарға деген құқығын «жұртта қалған жұрттық», «адасқан малдың түбi eкi жыл» деген деп, жорғаны қожайынына қайтаруға міндетті емес екендігін алға тартады. Сырым би қазақтың “Жарғысын” тереңірек білгендіктен, “Тапқан қуанады, таныған алады” немесе “тапқан ие, таныған — иeci” деген құқықтық нормаларды келтіре отырып, ұзақ сонар сөзін айтып, балама шешім қабылдап, жорғаны жауапкерге қалдыруды, бұрынғы қожайынға eкi жүлдені — он құнанның құнын төлеуі тиic деп шешеді. Жиналған қауым Сырымның төрелігін әділ деп қабылдайды.


Әлемдегі ең ыстық махаббат ол — ананың балаға деген махаббаты. Бірақ барлық ана сәбиіне қамқорлық, мейірімділік таныта алмайды. Қазыбек бидің екі әйел бір балаға таласып қалғанда қандай шешім шығарғаның біреуіміз білсек, екіншіміз білмейміз. Сондықтан аңызды қайта оқып шығуға кеңес береміз.

Қазыбек биден шалғайдағы ауылда тұратын екі әйел көмек сұрайды. Екеуі баланы бөлісе алмай жүр. Сонымен қатар, екі әйел де баланың нағыз анасы менмін деп дес бермейді. Екеуінің біреуі:

— Мен баламды ол кішкентай болғанда жоғалтып алдым. Сөйтсем ол мына әйелдің қолында тұрады екен. Ол маған баламды бергісі келмейді, —дейді. Екінші азаматша баланы өзі туып алғанын айтып қоймай қояды. Сонда би ойлана келе баланы екі әйелдің ортасына қойып, қолдарынан ұстатқызып, былай деп айтқан екен:

— Егер өздерің баланың шын анасы кім екенін айтпасаңдар, сонымен қатар, екеуің де баласыз өмір сүре алмасаңдар, мен оны екіге бөлемін. Оның денесі тұрып жатқан үйлеріңнің жанына жақын жерде жерленетін болады.  Ал баланың мәңгілік бейнесі екеуіңе де жетеді, — дейді де, Қазыбек би қылышын шығарып, айтқан сөздерін жүзеге асыруға ниеттенеді. Сол кезде бала менікі деген әйел:

— Тым болмаса баланың жартысы менікі болсын, — дейді. Бірақ нағыз ана: — Ойбай, би! Балаға тиіспеңіз, мен оған баламды беремін, тек ол тірі болса болғаны, — деп зар салады.

Қазыбек би өз орнына келіп, шешім шығарады:

— Ана баласына өлім тілемейді. Оған тиіспе деген әйел баланың шын анасы, — дейді. Осылай Қазыбек би әділ шешім шығарып,  күллі қазақ елін даналығымен тамсандырды.

ТАНЫМ 01 тамыз 2018 г. 39 0