Халықаралық әйелдер күнінің тарихы

Халықаралық әйелдер күні — жыл сайын 8 наурызда тойланатын мейрам. Тарихта әйелдердің теңқұқықтық пен эмансипация жолындағы күресіндегі ынтымақтастық күні ретінде пайда болды. 1975 жыл — Халықаралық әйелдер жылы боп аталғаннан кейін, сол жылдан бастап БҰҰ ресми түрде наурыздың 8-ші күнін Халықаралық әйелдер күні етіп бекітті.

1908 жылы 28 ақпанда Нью-Йорк социал-демократиялық әйелдер ұйымының шақыруымен әйелдер теңқұқықтығы туралы митинг өткізілді. Бұл күні 15000-нан астам әйел жұмыс күнінің қысқартуы және ерлермен тең еңбекақы төлеу шарттарын талап етіп, қала арқылы өтті. Олар сондай-ақ әйелдер сайлау құқығын талап етті.

1909 жылы Америка Социалисттік партиясы халықаралық әйелдер күнін жариялап, бұл мейрам 1913 жылдың ақпанның соңғы аптасына дейін тойланды. 1909 жылы ол 28 ақпан болды. Кейінірек, 1910 жылы, АҚШ делегат-әйелдері Копенгагендегі Екінші Халықаралық әйелдер-социалисттер конференциясында Клара Цеткинмен кездесті.

 Клара Цеткин 1910 жылы 27 тамызда Копенгагенде өткен Екінші Халықаралық әйелдер-социалисттер конференциясында халықаралық әйелдер күнін тағайындауға ұсынды. Бұл күні әйелдер өз мәселелеріне қоғамның назарын тарту үшін митингтер мен шерулер өткізеді деп түсіндірілді.

1911 жылы бірінші Халықаралық әйелдер күні Германия, Австрия, Дания мен Швейцарияда Германияның Социал-демократиялық партиясының Ортаңғы комитетінің мүшесі Елена Гринбергтің ұсынысымен 19 наурызда тойланды. 1912 жылы сол мемлекеттерде мейрам 12 мамырда атап өтілді. 1913 жылы 2 мамырда әйелдер Франция мен Ресейде алғаш рет митингтерге шықты, сонымен қатар демонстрациялар 9 мамырда Чехия, Венгрия мен Швейцарияда өтті. 1914 жылы әйелдер күні АҚШ, Ұлыбритания, Австрия, Дания, Германия, Ресей мен Щвейцарияда тойланды

1917 жылға дейін толық немесе жартылай дауыс беру құқығына әйелдер Жаңа Зеландия, Австралия, Финляндия, Норвегия, Дания, Исландияда қол жеткізді.

Халықаралық әйелдер күні - Корей Халық Демократиялық Республикасы, Ангола, Гвинея-Бисау, Замбия, Камбоджа, Кения, Мадагаскар, Моңғолия мен Уганда елдерінде тойланатын мейрам мен демалыс күні. Лаоста бұл - тек әйелдер үшін демалыс күні болса, Қытайда әйелдер үшін қысқа күн қарастыралған.

Бұл күн Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан мен Украина мемлекеттерінде атап өтіледі. Сонымен қатар, Тәжікстанда 2009 жылдан бастап мейрам Ана күні деп аталатын болды.

         Материалды дайындаған,

 Қызылорда облысы ТЖД 

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының 

бас маманы А.Нұрманова

ТАНЫМ 11 наурыз 2018 г. 138 0