ҚАЛАМ ҚАНАТЫНДАҒЫ ҚҰДІРЕТ

ҚАЛАМ ҚАНАТЫНДАҒЫ ҚҰДІРЕТ

Екеуара әңгімеге арқау оқиға жетерлік. Ой тым жүйрік емес пе, бір демде өткеннен өзек тарта бастады. Сұхбаттасым – Аманкелді Суханберлиев. Белгілі дәрігер, танымал журналист. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстанның құрметті журналисі, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі.  Қысқа қайырғанда, ел ағасының атына атағы сай.
ТАҒЫЛЫМ 07 сәуір 2018 г. 399 0

МАМАН МЕРЕЙІ

Басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам жоқ. Сондайда алдымен Алладан, онан кейін ақжелеңділерден дертімізге дауа сұрайтынымыз анық. Талай жанды сырқатынан сауықтырып, дертіне дауа дарытып, елдің алғысына бөленіп жүрген абзал жандар қашан да ел абыройы. Өзінің біліктілігімен, білімімен мыңдаған жанға өмір сыйлаған сондай мамандарды ел ішінде «алтын қолды дәрігер» деп дәріптеп, құрмет-қошеметке бөлеп, ілтипаттарын білдіріп жатады. Ақ желеңіне дақ түсірмей, көпшіліктің ықыласына ие болып жүрген  сондай жанның бірі –  Шынжырбай Оразмаханұлы. Ол – өзінің дәрігерлік еңбек жолында қаншама жанды ажал аузынан арашалап, халықтың құрметіне бөленіп жүрген майталман маман.
ТАҒЫЛЫМ 05 сәуір 2018 г. 322 0
ШОЙЫН ЖОЛДА ШЫҢДАЛҒАН...

ШОЙЫН ЖОЛДА ШЫҢДАЛҒАН...

Бала болып, алаңсыз ойнаған кезі есінде қалмапты. Оның есесіне, майданға аттанған үлкендердің орнын басып, еңбек етті. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұран аясындағы қауырт жұмыс өзі секілді көгенкөздердің көмегімен атқарылатын. 
ТАҒЫЛЫМ 03 сәуір 2018 г. 217 0
ЖАҚСЫ АДАМ – ЕЛ ЫРЫСЫ

ЖАҚСЫ АДАМ – ЕЛ ЫРЫСЫ

Бұрынғылардың «Талайлар өтті-ау жалғаннан, Көрген адам таңғалған» дегені бар-ды. Бір жағынан ғибраты мол, екінші жағынан күйінішпен «аһ» ұрып айтылған, өзекті өртер осы сөз ойға оралған сайын педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей білім академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Байзақ Көпірбайұлы Момынбаевтың нар тұлғасы көз алдыма келеді. Күн өткен сайын сағынышқа айналған болмысы ірілене түсіп, күлімдеген бейнесі талайлардың жүрегіне мәңгілік із қалдырған ұлағатты ұстаз, білікті ғалымның жүріп өткен жолы, артына қалдырған мол мұрасы әлі күнге дейін іздеушісі мен жоқтаушысын қызықтырып, тамсандырып келеді.
ТАҒЫЛЫМ 03 сәуір 2018 г. 127 0
ШУАҚТЫ ШАҢЫРАҚ

ШУАҚТЫ ШАҢЫРАҚ

 Бәрі де күтпеген жерден өрбіді. Әрбір тұрақты жұмысы бар адамның жылына бір мәрте берілетін еңбек демалысын тағатсыздана тосатыны бар. Сол демалысқа алдын ала түрлі жоспар жасап қоятынымыз тағы рас. Осындай сәтті кезеңде Орал қаласына жолымыз түскен болатын. Құдамыздың жалғыз қызы тұрмысқа шығып, отбасымызбен қыз ұзату тойына барғанбыз. «Той – Алланың қазынасы, мал баланың – шашуы» деп ұғатын қазекеңнің дархан пейілі қытымыр қыстың ызғарының өзін жұмсартып  жібергендей. Той өте жоғары деңгейде өтті. Асаба жігіт те ділмарлығының үстіне «сегіз қырлы, бір сырлы» дейтіндей өнерлі жан екен. Әрбір тілек айтушыны мақтауын келістіре жеткізіп, сөз кезегін ұсынып жатыр. «Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, бәрі де мәре-сәре. Кезек маған келгенде әлгіндей қошеметтен соң, «Сыр өңірінен, қасиетті Қазалы жерінен арнайы келген құдамыз!» деп көпшілікке таныстырып өтті. Той иелеріне, екі жасқа ақ тілегімізді білдіріп, сыйлығымызды тапсырдық.
ТАҒЫЛЫМ 31 наурыз 2018 г. 83 0
АУЫЛДАН АДАМ КӨШКЕНМЕН,   АДАМНАН АУЫЛ КӨШПЕЙДІ

АУЫЛДАН АДАМ КӨШКЕНМЕН, АДАМНАН АУЫЛ КӨШПЕЙДІ

Ұлы жолдан қиыстау құм құшағында жатқан туған жер – Қармақшы ауданындағы Қуаңдария ауылы әрбір Наурыз мерекесі жақындағанда ерекше серпіліп қалады. Бұл Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы әдеттегі қарбаласқа қарағанда басқаша. Туған жер перзенттеріне құшақ ашқан мейірімді ананың келбетіне еніп,  жан-жақтан ағылған түлектерін бауырына тартатын сәт осы. Соңғы он жылдан бері Қуаңдариядан түлеп ұшқан, еліміздің әр түкпірінде тұратын азаматтар Наурызды туған ауылда атап өтуді әдетке айналдырды. 
ТАҒЫЛЫМ 31 наурыз 2018 г. 514 0
ҚҰРМЕТТЕУГЕ ЛАЙЫҚ АЗАМАТ

ҚҰРМЕТТЕУГЕ ЛАЙЫҚ АЗАМАТ

Сырдың біртуар перзенті Аралбай Махамбетов жайында ой қозғаудың сәті бүгін түсіп тұр. Дүниеден өткеніне енді бірер жылда елу жыл толғалы тұрғандығы жүйткіген уақыттың жылдамдығын байқатады. Бар-жоғы 41 жыл ғұмыр кешкені жүректі сыздатады. Осы аз ғана ғұмырында Сәкен, Серік, Асқар, Еркін атты ұлдарын сүйіп үлгерді. Қазір бұлар – бір-бір шаңырақ.
ТАҒЫЛЫМ 31 наурыз 2018 г. 50 0
ЕҢБЕК ЕТКЕН – МҰРАТҚА ЖЕТКЕН

ЕҢБЕК ЕТКЕН – МҰРАТҚА ЖЕТКЕН

  Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмірбақи тұратын өлкесі. Сол ұлтарақтай жерді ұлы мекенге айналдыру елін сүйетін патриоттардың ғана қолынан келеді», – дейді. Өскен өңіріне махаббатын, сүйіспеншілігін елеулі еңбегімен, қажырлы қызметімен білдірген сондай азаматтар Сыр өңірінде баршылық. Шыққан биігімен ауыл ғана емес, аудан абыройын асқақтатып жүргендердің қатарында Әлімбайдың ұлы Қасқырбайдың да аты аталады. Ол туған жерді түлету жолында жастайынан байыпты тірлік, жүйелі жұмыс істеп келеді. Биыл жетпіс жастың биігіне шыққан Қазалы ауданының құрметті азаматы Қ.Әлімбай «Жалаңтөс», «Қазалы несие» серіктестіктерін басқарады және аудандық Қоғамдық кеңеске төрағалық етеді. 
ТАҒЫЛЫМ 31 наурыз 2018 г. 50 0
КӨКСЕРКЕНІ ҚОЛДАН ӨСІРУ ШАРАЛАРЫ

КӨКСЕРКЕНІ ҚОЛДАН ӨСІРУ ШАРАЛАРЫ

Бүгінгі күні табиғи су қоймаларында балық қорының азаюына байланысты балама аквакультураны дамыту маңызды болып саналады.
ТАҒЫЛЫМ 29 наурыз 2018 г. 37 0
АУЫЛДАН АДАМ КӨШКЕНМЕН, АДАМНАН АУЫЛ КӨШПЕЙДІ

АУЫЛДАН АДАМ КӨШКЕНМЕН, АДАМНАН АУЫЛ КӨШПЕЙДІ

Ұлы жолдан қиыстау құм құшағында жатқан туған жер – Қармақшы ауданындағы Қуаңдария ауылы әр Наурыз мерекесі жақындағанда ерекше серпіліп қалады. Бұл Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы әдеттегі қарбаласқа қарағанда басқаша. Туған жер перзенттеріне құшақ ашқан мейірімді ананың келбетіне еніп,  жан-жақтан ағылған түлектерін бауырына тартатын сәт осы. Соңғы он жылдан бері Қуаңдариядан түлеп ұшқан, еліміздің әр түкпірінде тұратын азаматтар Наурызды туған ауылда атап өтуді әдетке айналдырды.  
ТАҒЫЛЫМ 29 наурыз 2018 г. 212 0