БАЙТАҚ ЕЛДІҢ  БАЯНБАЙЫ

БАЙТАҚ ЕЛДІҢ БАЯНБАЙЫ

«Жүрген соң бауырында күнде көріп,Таулардың биіктігі байқалмайды!..» дегендей, қоғамда ғұмыр кешіп жүрген кей тұлғаларды өмірінің сүрлеулі-соқпақты жолына рух көзімен қарағанда ғана танып қалатынымыз ақиқат. Белгілі қоғам қайраткері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Баянбай Сыздықұлы Сыздықов та кемел кейіпкер, тұлға.
ТАҒЫЛЫМ 20 қыркүйек 2018 г. 145 0
ҮКІМЕТТІ ТҰҢҒЫШ БАСҚАРҒАН ҚАЙРАТКЕР

ҮКІМЕТТІ ТҰҢҒЫШ БАСҚАРҒАН ҚАЙРАТКЕР

Мемлекеттің тәуелсіздігіне қол жеткізу, оның негізін қалау – түсінген адамға жеңіл шаруа емес. «Тәуелсіз ел болдық» деп бөркімізді аспанға атып қуану бір бөлек те, ал шынайы экономикалық және ұлттық тұрғыдан Тәуелсіздікке қол жеткізу – Қазақстан үшін оңай болған жоқ. Сол қиын-қыстау жылдары елдің іргесін бекемдеуге үлес қосқан азаматтар жайында әңгіме айта қалсаң, алдымен ойымызға тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Премьер-министрі Ұзақбай Қараманов түсетіні анық. Тәуелсіздік шежіресі болған асыл ағамыздың арамыздан кеткеніне де бір жыл толды. Асқар тау алыстаған сайын айбарлы көрінеді демекші, Ұзақбай ағаның да тұлғалық болмысы, кісілік келбеті жан жүрегімізде айқындалып, жаңғыра түскендей. 
ТАҒЫЛЫМ 19 қыркүйек 2018 г. 823 0
Бұл күні Асқар Тоқмағамбетов дүниеге келді

Бұл күні Асқар Тоқмағамбетов дүниеге келді

113 жыл бұрын (1905-1983) ақын Тоқмағамбетов Асқар дүниеге келді. Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
ТАҒЫЛЫМ 19 қыркүйек 2018 г. 43 0

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

Еліміздің өсіп-өркендеуі жолына саналы ғұмырын жұмсаған ардагерлер қауымы қандай ма­рапатқа да лайықты. Осынау абзал жандар бейнеттерінің зейнетін де көруде. Тарихы тереңнен сыр шертетін Қазалыдағы «Ша­ғала» демалыс орталығында арда­герлердің демалысын тұрақ­ты ұйымдастыру дәстүрге айналған. 
ТАҒЫЛЫМ 18 қыркүйек 2018 г. 98 0

Сапер сыры

«Сапер бір рет қателеседі» деген қағида соғыс солдаттарынан қалған сөз, әрі өмірдің шындығынан алынған. ...Маңдайынан сорғалаған ащы тері көзіне құйылған  Бекеттің бар зейіні мина орнын анықтайтын арнайы қондырғыға ауған. Егер жазатайым дыбысын аңғармай қалсаң, бітті, көмуге сүйегіңді де таба алмай қалады. Мұндай жағдай саперлардың арасында жиі орын алып тұрады. Оның үстіне фашистер мина жасыруға келгенде түрлі айла-тәсілдерді қолдануға әуес. Өткен жолы оққа ұшқан совет солдатының денесінің астына жасырылған мина жарылып, көрші полктен қаншама боздақтың ажал құшқаны бар. 
ТАҒЫЛЫМ 18 қыркүйек 2018 г. 62 0
Бақтыбай Бердібаев

Бақтыбай Бердібаев

66 жасқа қараған шағында ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, белгілі қаламгер Бақтыбай Смайылұлы Бер­дібаев өмірден озды.
ТАҒЫЛЫМ 18 қыркүйек 2018 г. 477 0

Үлгілі әке, жарасымды отбасы, жауапты маман

Осы бір қоңыр мінезді, қазақтың қара торы жігіті Ғалымжанның жақсы мінездері көп-ақ. Әсіресе, сыпайылығы, мәдениеттілігі, жауапкершіліктілігі оның негізгі қасиеті. Отбасында жақсы тәрбие көріп, онысын өзінің жас отбасысына сіңдіре білген, балаларына қамқоршы әке, жарына адал тірек, жұмысына адал жан болуы оның мерейін одан әрі асырғандай. Ілтипаттылығы да көрер көзге көрініп тұрады. Көбінесе, өзіміздің қасымызда жүрген азаматтардың жақсы қасиеттерін бағалай білмейтініміз бар. Қашан байқасаң да біртоға, қоқаң-соқаңмен ісі жоқ, қазақтың қарапайым ғана орта бойлы азаматы бүгінгі күні отбасында да беделді.
ТАҒЫЛЫМ 14 қыркүйек 2018 г. 79 0
Сыр мұнайының атасы

Сыр мұнайының атасы

Адамның қолына билік пен дүние-мүлік тигенде, басына сынақ түседі.  Сол сынақтан арына кір шалдырмай, қалпынан танбай, биігінен төмендемей өткен жандарды құрмет тұту ежелден салтымызға айналған. Сыр мұнайының бұлақ бастауында тұрған Есқожа Бергенбаевты аға буын мұнайшылардың «Есаға» деп қадірлеуінің сыры осында. Оның тағдырына «Құмкөлдің» қазығын қағу, Сыр бойындағы мұнай өндірісін сабақты жібіне дейін өз қолымен жабдықтау жұмысы бұйырды.  Бірақ, Есағаң билік пен дүниенің буына мастанбады, табиғатына тән парасат биігінен түспеді. Оны «жұртқа болсын» деп жарғақ құлағы жастыққа тимеген елгезектігі, айналасындағыларға мейірім-шапағатын төгіп жүретін ақпейілділігі сыйлы етті.
ТАҒЫЛЫМ 13 қыркүйек 2018 г. 85 0
Дирижер, композитор

Дирижер, композитор

Өткен жылдың қоңырқай күз айларының бірінде, қалта телефоным шырылдап қоя берді. "Аға, амансыз ба?" деген дауысынан тани кеттім. Оралдағы Еркін інім. Хал-жағдай сұрасқан соң Еркін өтініші барын айтты.
ТАҒЫЛЫМ 11 қыркүйек 2018 г. 84 0
«ШӘКІРТКЕ  ДЕГЕН ШЫНАЙЫ  ҚҰШТАРЛЫҚ  ШЫҢҒА ШЫҒАРАДЫ»

«ШӘКІРТКЕ ДЕГЕН ШЫНАЙЫ ҚҰШТАРЛЫҚ ШЫҢҒА ШЫҒАРАДЫ»

Қай заманда болмасын, ұстаз қауымын халқымыз кадірлеп, кастерлеп, төрден орын беріп келген. Облыс мұғалімдері арасында ең биік шыңдарға қол жеткізгендер аз емес. Соның бірі –  қала тұрғыны Тақан Көдебаева.Тақан апаймен жақында ғана таныстық. Өз басым әу бастан қариялармен әңгіме-дүкен құрғанды ұнатамын. Бұл кісі көпті көрген көнекөздердің санатында екеніне «ә» дегеннен-ақ көзім жетті.
ТАҒЫЛЫМ 11 қыркүйек 2018 г. 248 0