НӘТИЖЕСІ МОЛ НЕГІЗГІ САЛА

НӘТИЖЕСІ МОЛ НЕГІЗГІ САЛА

  Елбасының «100 нақты қадам – Ұлт жоспарында»  денсаулық сала­сы дамуының маңызды бағыттары айқындалып,  медициналық көмектің сапа­сы мен қолжетімділігін арттыру, халық денсаулығына ортақ  жауапкершілік және  салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау бастамалары нақтыланды.  Бұл бағытта аймақта да ауқымды жұмыс бар. Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназаровамен сұхбаттасып, сала­ның даму деңгейін саралаған едік.
Cұхбат 14 маусым 2018 г. 751 0
Арман ӘЛИЕВ,  «Оңтүстік-цирк» мекемесінің директоры: ЦИРК ӘРТІСІНЕ ҚАТЕЛЕСУГЕ БОЛМАЙДЫ

Арман ӘЛИЕВ, «Оңтүстік-цирк» мекемесінің директоры: ЦИРК ӘРТІСІНЕ ҚАТЕЛЕСУГЕ БОЛМАЙДЫ

Цирк – ерекше өнер. Ептілік пен күштілікті талап етеді. Мұнда  қызмет ететіндер де – ерекше жандар. Күн сайын қаншама қиындықпен бетпе-бет келеді.Бүгінде елімізде үш мемлекеттік цирк бар. Соның бірі – Шымкент қаласындағы «Оңтүстік-Цирк». Жуырда оның директоры Арман Әлиевпен әңгімелесудің сәті түскен еді. 
Cұхбат 12 маусым 2018 г. 1 122 0
СЫР БАЛЫҒЫНА СЫРТҚЫ НАРЫҚТА ДА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

СЫР БАЛЫҒЫНА СЫРТҚЫ НАРЫҚТА ДА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

Бүгінгі таңда балық шаруашылығы облыс экономикасының маңызды саласына айналды. Өркендеу жолына түскен іргелі салада атқарылған жұмыстар да, алдағы міндеттер де ауқымды. Осы орайда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айдар Абдуалиевпен сұхбаттасқан едік.
Cұхбат 10 маусым 2018 г. 286 0
Қуандық Қасымов, режиссер:  ЖАС ДРАМАТУРГТЕРДІ ЖІГЕРЛЕНДІРУ ҚАЖЕТ

Қуандық Қасымов, режиссер: ЖАС ДРАМАТУРГТЕРДІ ЖІГЕРЛЕНДІРУ ҚАЖЕТ

Жуырда Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театр сахнасында «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» комедиясының премьерасы өтті. Таптаурын секілді көрінгенмен тақырып өзекті. «Қарсы ал! Ләззат» деген екі ауыз сөз үш отбасының мұң-қайғысын қозғады. Сынықтан сылтау табылып, болмашыдан бүлік шықты. Көрерменді күлдірді, күрсінтті, комедия өз нысанасына дөп тиді. Бір қызығы, театрдың жастар труппасы заманауи ән мен биді тиімді таңдаған. Мұнан біз мюзикл жанрының белгілерін, өзгеріске ұмтылысты байқадық. Театр шымылдығы жабылған соң, қойылымның режиссері, Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымовпен әңгімелесудің орайы келді.
Cұхбат 31 мамыр 2018 г. 226 0
Ғанибек ҚАЗАНТАЕВ, Сырдария ауданының әкімі: БҮГІНГІ БЕРЕКЕМІЗ — ЖҰМЫЛА ЖАСАҒАН ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ

Ғанибек ҚАЗАНТАЕВ, Сырдария ауданының әкімі: БҮГІНГІ БЕРЕКЕМІЗ — ЖҰМЫЛА ЖАСАҒАН ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ

Сырдария ауданында соңғы жылдары ауқымды жұмыстар атқарылып, бірқатар тың жобалар жүзеге асуда. Жыл сайын ауыл шаруашылығы бойынша көшбасшылар қатарында келетін ауданның бұл саладағы жетістіктері бір төбе. Биыл құрылғанына 90 жыл толатын өлкеде әлеуметтік-экономикалық, рухани, мәдени тұрғыда алда қандай мақсат-міндеттер бар? Бұл жөнінде Сырдарияға сапарымызда аудан әкімі Ғанибек Қазантаевпен сұхбаттасқан едік.
Cұхбат 28 мамыр 2018 г. 3 855 0
ҰБТ:  НӘТИЖЕ УАҚЫТ ЕНШІСІНДЕ

ҰБТ: НӘТИЖЕ УАҚЫТ ЕНШІСІНДЕ

Облыста оқу жылының басынан мектеп бітірушілерді Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау кешенді түрде жүзеге асырылып келеді. Оның бір көрінісі – әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары үшін тегін сынама тестілеуден өтуге жергілікті бюджеттерден 18,2 млн теңге қаржы қаралып, қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, облыс көлемінде орналасқан  жыл бойы жұмыс жасайтын лагерьлерде тестілеуге қатысушылардың 94%-і арнайы дайындықтан өткізілді.  Бүгінгі таңда облыстағы 9 тестілеу пункттері ­Ереже талаптарына сәйкес, қажетті құралдармен толық жабдықталған. ҰБТ өткізуге дайын. Әйтсе де, шешуші сынақтың жай-жапсарын жете түсінуде жұрт нені білуі тиіс. Осы орайда облыстық білім басқармасының басшысы М.Мелдебековамен сұхбаттасқан едік.
Cұхбат 26 мамыр 2018 г. 2 913 0
Ғалым ӘМІРЕЕВ, Жаңақорған ауданының әкімі: ӨҢІРАРАЛЫҚ  ЫНТЫМАҚ ДАМУҒА ЖАҢАША ДЕМ БЕРУДЕ

Ғалым ӘМІРЕЕВ, Жаңақорған ауданының әкімі: ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚ ДАМУҒА ЖАҢАША ДЕМ БЕРУДЕ

Қаратау мен Сыр-Ананы тел емген Жаңақорған ауданы соңғы жылдары  көптеген жетістіктерге қол жеткізді.  Қай салада да қарқын бар. Аудан кәсіпкерлікті дамыту бағытында да ерекшеленіп тұр. Осы сапарымызда аудан әкімі Ғалым Әміреевпен әңгімеміз де әлеуметтің әлеуетін көтерген тың бастамалар жайында болды.
Cұхбат 25 мамыр 2018 г. 249 0
Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?

Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?

Алматыда менингококк инфекциясына шалдығу оқиғалары туралы белсенді түрде талқыланып жатыр. Бұл мәселе дәрігерлерді жұмыла кірісуге итермелеп, тұрғындардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Дәрігерлердің сөзінше, менингококкинфекциясының тарауы туралы емес, оның маусымдық белсенділігі жайында сөз болып отыр. Дегенмен, адам бір мәселе туралы қаншалықты аз хабардар болса, соншалықты көп үрейлене түседі. Менингококк инфекциясына қарсы екпе әзірге Қазақстанның ұлттық екпе күнтізбесіне кірмегендіктен, менингококк туралы барлығы біле бермейді. Мұндай екпе Меккеге немесе Мединаға қажылыққа барушы адамдардан міндетті түрде талап етіледі. Дегенмен, менингококкқа қарсы екпені қажет ететін қауіп тобына жататын адамдар елде әлдеқайда көбірек. Қазақстан мен Ресейдің жетекші мамандары менингококк инфекциясы және оның елімізде қаншалықты тарағандығы, одан неліктен қорғану қажеттігі жөнінде айтып берді.  
Cұхбат 23 мамыр 2018 г. 860 0
БИЗНЕС-МЕКТЕП:  бастаушыға жол,  іскерге қол

БИЗНЕС-МЕКТЕП: бастаушыға жол, іскерге қол

Әлемдік экономиканың даму тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын және орта кәсіпкерлік кез келген елдегі негізгі тұрақтандырушы фактор болып табылады. Сондықтан біздің елімізде де оның дамуына барынша жағдай жасалған. Көптеген мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істеуде. Мысалы, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы мен «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламалары бар. Ал біздің облысымызда биыл «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып жарияланды. Осы орайда облыстық Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлік негіздерін үйретуге арналған оқу курстары ұйымдастырылған. Жалпы бұл бағыттағы жұмыс ырғағы, ел үшін ең маңызды мәселелер қандай? Кәсіпкерлікке қадам жасаған адам алдымен не істеу керек? Осы және биылғы батыл бастамаларға қатысты Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Мәдина Қасымжанмен пікірлескен едік.
Cұхбат 22 мамыр 2018 г. 437 0
Табылды Досымовтың ұлы: Егер әкем тірі болғанда, мен өнерге келмес едім

Табылды Досымовтың ұлы: Егер әкем тірі болғанда, мен өнерге келмес едім

Қазақтан шыққан тұңғыш бард ақын Табылды Досымовтың ұлы, артында қалған тұяғы Абыл Аяш әке жолын жалғап, өнерге аяқ басты. "Тұңғыш рет" жобасы аясында Астанада концерт берген ол 17 мамыр күні Алматы қаласында да кеш өткізбекші. Осы орайда, NUR.KZ тілшісіне ақынның ұлымен сұхбаттасудың сәті түсті.
Cұхбат 17 мамыр 2018 г. 314 0