Өнер мен дәулет қонған жер

Өнер мен дәулет қонған жер

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – стратегиялық маңызға ие, жасампаз халқымыздың жарқын болашағын айқындайтын ой-толғам. Онда тарихи кезеңдерге сындарлы баға беріліп, қазақ елінің рухани даму бағыты айқындалған. Мемлекет басшысы қоғамның рухани жаңғыруына халықтың дәстүрі мен ұлттық мәдениеті негіз болуы тиіс екенін атап көрсетті. Мұндай бағытты ұстану кешегі күн мен бүгінді, бүгін мен ертеңді жалғастырады.
Cұхбат 14 желтоксан 2017 г. 752 0
Ибрагим Ескендір 30 желтоқсан күні кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді

Ибрагим Ескендір 30 желтоқсан күні кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді

Қазақтың ән әлемінде «Көк тудың желбірегені» әнімен танылған Ибрагим Ескендір 30 желтоқсан күні кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі. Бұл туралы ол ҚазАқпарат тілшісіне берген шағын сұхбатында айтып өтті.
Cұхбат 13 желтоксан 2017 г. 251 0
ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМДІ ТЕЛ МЕҢГЕРГЕН

ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМДІ ТЕЛ МЕҢГЕРГЕН

Президенттің «Білекке емес, білімге сенетін заман. Әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік» деген сөзі нақты кезеңдегі білім саласының қаншалықты маңызды екенін айшықтай түскендей. Соған орай қазақстандық білім беру жүйесі де әлемдік деңгейден табылуды мақсат тұтуда. Бұл тұрғыда теңіз төскейіндегі ұстаздар қауымының да қосар үлесі бар. Газет тілшісінің Арал аудандық білім бөлімінің басшысы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Санира Жанназаровамен әңгімесі осы бағытты қамтыған еді.
Cұхбат 05 желтоксан 2017 г. 299 0
Мұрат НАСИМОВ:  БІЛІМДІ БОЛУ АЗ, РУХАНИ БАЙЛЫҚ МАҢЫЗДЫ

Мұрат НАСИМОВ: БІЛІМДІ БОЛУ АЗ, РУХАНИ БАЙЛЫҚ МАҢЫЗДЫ

Саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Болашақ» ғылыми-зерттеу институтының директоры, Қазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі Мұрат Насимов жуырда «Сананы жаңғыртудың 6 бағыты: мәні, мазмұны және түсініктері» атты монографиясын жазып бітірді. Монография Қазақстанның үшінші жаңғыруына серпін беретін тың идеяларға толы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына негізделген. Ғалым өз еңбегінде мақалада ұсынылған тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғырту бағыттарын талдап, сараптап көрсетеді.
Cұхбат 05 желтоксан 2017 г. 3 405 0
ҚАЗАЛЫДА ҚАРҚЫНДЫ ІСТЕР КӨП

ҚАЗАЛЫДА ҚАРҚЫНДЫ ІСТЕР КӨП

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған жолдауында 2050 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігін атап көрсеткені баршаңызға мәлім. расында да, дені сау ұрпақ – қоғамның байлығы. Сыр өңіріне арнайы іссапармен келген Елбасы атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Мемлекет басшысының ұрпақ болашағы үшін білім саласының алдына қойған 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту, үш ауысымдық білім беруді болдырмау, апатты мектептер орнына жаңа мектептер құрылысын салу жөніндегі негізгі үш тапсырмасы Қызылорда облысында мерзімінен бұрын толықтай орындалды.Сонымен қатар, биыл апаттық жағдайдағы мектептердің мәселесі толығымен шешілді. Балабақшалардың 71 пайызы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жұмыс жасауда. Соңғы 4 жылда мұндай балабақшалар саны екі есеге артты.Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында бүгінде 452 түлек грант негізінде білім алуда.
Cұхбат 30 қараша 2017 г. 372 0
ҚЫЗЫЛОРДАДА КИНО ТҮСІРГІМ КЕЛЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА КИНО ТҮСІРГІМ КЕЛЕДІ

Облыстық жастар орталығы Сыр елінен түлеп ұшқан майталмандарды өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында «Орталық студия» жобасын қолға алды.
Cұхбат 27 қараша 2017 г. 340 0
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры һәм халық сенімі

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры һәм халық сенімі

Осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2013 жылдың 23 қаңтарында өткен үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Елбасы бірыңғай зейнетақы қорын құру туралы ұсыныс жасаған болатын. Өз ұсынысын Елбасы  «ұлттық банк басқаратын мұндай қор азаматтардың жинақ ақшасын тиімді әрі қауіпсіз басқаруға мүмкіндік береді», - деп түсіндірген-ді. Бірден қолдау таппаған бұл ұсынысты сынағандар халықтың жинаған 20 миллиардтан астам қаржысы қолды боп кетуі мүмкін екендігін де айтқан, сол кездері. Тіпті 2013 жылы ұлттық банк төрағасы болған Григорий Марченконың өзі: - Мемлекет басшысы зейнетақы жинақтаушы қорларды біріктіру жөнінде тапсырма бергенін білесіздер. Президенттің тапсырмасы бәрібір орындалады. Түптеп келгенде, бұл арада бәлендей ештеңе өзгере қоймайды. Адамдардың есепшоттары да, онда жиналған ақшасы да өздерінде қалады, - деп түсінік бергені есімізде.
Cұхбат 24 қараша 2017 г. 235 0
ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРУДІҢ  ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

Алдағы жылы енгізілетін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматына қатысты оқырман тарапынан сауал көп. Ұлт жоспарында әлеуметтік көмекті оның сипатын күшейте отырып, оңтайландыру тапсырылғандықтан, енді әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады. Газет тілшісі осы орайдағы бірнеше сұрақты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Алтынкүл Есқараеваға қойған еді.  
Cұхбат 18 қараша 2017 г. 1 503 0
2018 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр?

2018 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Жаңа жыл жақындаған сайын, ел тұрғындарын «келер жыл несімен есте қалмақ?» деген сауал мазалайтыны анық. Қазақстандықтар әсіресе, елдің саяси-экономикалық жағдайына алаңдаулы. Қазақстан экономикасын алдағы жылдары не күтіп тұр? Ел тұрғындарының әлеуметтік жағдайы қандай болмақ? Аталған сауалдарға жауап іздеу мақсатымен NUR.KZ тілшісі белгілі экстрасенс Әлия Сәлімовамен сұхбаттасып қайтты.
Cұхбат 09 қараша 2017 г. 358 0
СОТ САРАПТАМАСЫ ӘДІЛ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУҒА НЕГІЗ ҚАЛАЙДЫ

СОТ САРАПТАМАСЫ ӘДІЛ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУҒА НЕГІЗ ҚАЛАЙДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар» туралы Жарлығына сәйкес сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар жүргізу функциясы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен Әділет министрлігіне берілген болатын. Сонымен сот сараптамасы қызметінің бүгінгі міндеттері қандай? Ол қалай жүзеге асырылып жатыр? Біз осы сауалдарға жауап алу мақсатымен ҚР Әділет министрлігі «Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қызылорда филиалы институтының директоры Бақытбек Сүлейменұлы Ержановқа жолыққан едік.
Cұхбат 07 қараша 2017 г. 461 0