Филиалдың пәрмені артып келеді

 Қазір облыстық медициналық орталықтың Байқоңыр қаласы бойынша филиалы жақсы жұмыс үстінде. Онда Байқоңыр қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендердің, Төретам кенті мен Ақай ауылының халқы ем қабылдай алады. Жуырда орталық директоры Қарасай Нұровпен аз-кем пікірлесудің сәті түскен еді. 


– Қарасай Ердешұлы, орта­лық қызметі туралы айтып берсеңіз...

– Қазіргі таңда 19576 адам тір­кеуде тұр. Бізде 11 участок бар. Сон­дағы мамандардың көп­ші­лігінің орны толықты. Тек қана кардиолог пен окулист же­тіс­пегендіктен мамандар Қы­зылордадан ОМО-дан келіп жұ­мыс істеп жатыр. Жақында ме­дициналық тексеріс жұмысын өт­кіздік. Мұндай шара бізде бұрын-соңды болмаған. Әскери тексерістен де өткізу жоспарда болған еді, ондай жұмыстарды атқару үшін алдын ала жоғарыдан шешім қабылдап, келісім-шарттар жасалғанда ғана жүргізіледі екен. Сол себепті осы жылы айтулы науқанға араласа алмай қалдық. Болашақта мұны да қолға аламыз деп ойлаймын. Ақылы қызмет бөлімін де ашу ойда бар. Тіркелмеген қа­былданушылар осы қызметке жүгінеді. Алдағы уақыт­та нау­қас адамдарға ыңғайлы болу үшін күндіз емханаға келіп күні бойы ем алып, кешке үйіне қай­та­тындай жағдай жасалатын бө­лім ашылады. Желтоқсан, қаңтар айында хирургия, жансақтау бөлімі, оперблог та қосылады.

–    Бұрындары Төретам кен­ті мен Ақай ауылының тұр­ғындары Қармақшы ауда­нына барып ем қа­был­дайтын. Қазіргі таңда бұл мә­селені шешуде жаңадан ашыл­ған филиал қандай қыз­мет жасап отыр?

– Портал арқылы Арал, Қа­­за­лы, Қармақшы аудандарының және Ақай, Төретам елді ме­кен­де­рі­­нің тұрғындары ем қабыл­дай алады. Об­лыстық меди­ци­на­лық орталық филиа­лын­да ем­хана ашылға­нына, міне, 8 ай­дан асып барады. Қазіргі кезде біздің филиал заманауи медициналық тех­никалармен жабдықталған. Ма­мандарды әр жерден ша­қыр­тып, қала­дағы әлеуметтік жағ­дайларына да кө­мектесіп ке­леміз. Сондай қа­жыр­лы еңбектің арқасында бар­лық бөлім­дерде дәрігерлер толық­қанды жұмыс жасауда. Ал Ақай, Төретам халқы бізге келіп тіркелсе, көмек ала алады.

– Кадрлардың білімі қай­ дең­гейде?

– Әуелгі кезде 8 участок, со­ңынан 3-і ашылды. Жас маман­дар жалтыраған дайын жерге келді. Сол мамандарды оқытып, үйреттік. Қазір олар жаңа құрыл­ғымен қалай жұ­мыс істеу керектігіне дейін тә­жірбиелері бар. Ал кейін келген жас мамандарды алдыңғы білікті дәрігерлер үйретіп жатыр. Әр күн сайын дәрігерлер не жұмыс атқарғандығы туралы есеп беріп отырады. Бұл жұмыстың сапалы әрі қарқынды болуына септігін тигізеді.

– Медициналық жабдықта­ры­ңыздың мүмкіндігі қандай?

– Қазір рентгеніміз, лабораториямыз жұмыс істеп тұр. Атап айтсақ, УЗИ, эндоскопиялық жә­не физио-ем аппараттары бар. Бұл де­ге­німіз – үлкен жұмыстың бастауы, қабырғаның қалануы. Екі айға жуық уақыт болды те­лемедицина іске қосылды. Ол об­лыстық денсаулық сақтау бас­қармасының жиналыстарына онлайн қатысу мүмкіндігін береді. Басшылар қашықтықта оты­рып-ақ басқара алады. Көптеген түйткілді мәселе­лер­дің шешімін осылай шеше­міз де­ген үміттемін. Асқынған ауру­лар болады, ондай кезде телемеди­цинаға шығарып, об­лыс­тың бас дәрі­герлерінен кеңес аламыз. Бір сөз­бен айтқанда, осындағы халықтың денсаулығы үшін бұл үлкен еңбек. Облыс басшылығының табанды бас­тамаларына көпшілік риза. Біз үшін сапалы жұмыс – ең басты міндет. Сол үдеден шығуда қызмет етіп келеміз. 

Думан КЕҢШІЛІК.

Байқоңыр қаласы.

Cұхбат 16 қазан 2018 г. 1 826 0