Еңбектің бағасын ел береді

    Ел сеніміне селкеу түсірмеуді азаматтық ұстанымына айналдырған Тілеуберген Шәутайдың есімі көпшілікке етене таныс. Оның облыстық мәслихаттың депутаты ретінде атқарып жүрген жұмыстары да көптің көңілінен шығады. Ең бастысы, жұрт оны уәдесінде тұратын азамат ретінде құрметтейді. Біз елдің алғысы мен құрметіне бөленіп жүрген азаматпен халық қалаулысы болудың жауапкершілігі төңірегінде әңгімелескен едік.

– Сайлауалды бағдар­лама­ңыз­­да қандай мәселелерге басым­дық бердіңіз?

– Мен «Нұр Отан» партиясынан ұсынылған кандидатпын. Сон­дық­тан негізгі ұстанымымның бірі – партияның сайлауалды бағдар­ламасының абыроймен орын­далуы­на, мақсаттарының толықтай іске асуына жұмыс жасау.

Мен үшінші рет қатарынан сайланып отырғандықтан өткен 4 және 5 шақырылымдарда жүргізген жұмыстарымды жалғастырамын. Елді мекендерді таза ауызсумен, аяқсумен қамтамасыз ету, ауылдарға кіреберіс жолдар мен ішкі көшелердің мәселелерін шешу бағытында жұмыс істеп жатырмын.

Білім беру, денсаулық сақтау, мәде­­ниет, спорт нысандарының құры­лысына, күрделі жөндеуіне қар­жы бөлінуіне ықпал етемін.

Кәсіпкерлікті қолдауға бағыттал­ған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына, шағын және орта бизнестің аймағымызда дамуына, ауыл шаруашылығының өркендеуіне мүмкіндігінше үлес қосып келемін.

– Сол мәселелер қаншалықты шешіліп жатыр?

– Қазір «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы міндетін де қоғамдық негізде атқарып жүрмін. Бекітілген желілік кесте негізінде ҚР Ұлттық қорынан қаржыландырылатын, ныса­­­­налы трансферт есебінен жүргізілетін құрылыс нысандарына құрылыс жұмыстарының сапалы орын­далуына партиялық бақылау жүргізу мақсатында рейдтер ұйым­дастырылады. Дөңгелек стол мен семинарлар өткізіледі, қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен өтініштерге талдау жүргізіліп, шеші­мі табылуы үшін тиісті мекемелерге жолданады.

Аймақ халқының әлеуметтік-тұр­мыстық жағдайын жақсарту мақ­са­тында әріптестеріммен бірге облыстық бюджеттен бөлінетін қаржылардың орнымен, тиімді жұм­са­луына атсалысудамын. Осы күнге дейін алтыншы шақырылған Қызылорда облыстық мәслихатының 18 сессиясы өтті. Онда күн тәртібінде 180 мәселе қаралды.

– Өз округінен кімнің депутат болып сайланғанын көбі біле бер­мейді. Халық пен депутаттың бай­ланысын қалай арттыруға болады?

–  Өз округінен кімнің сайлан­ғанын білмейтіндер қарбаласы көп қалада болатын шығар, ал ауылдағылардың бәрі өз депутат­тарын біледі. Себебі, ел сенім білдірген азаматтардың барлығы ауылдан, сол округтен шыққандар.

Меніңше, халық пен депутаттың байланысын арттыру деген ұғымды да дұрыс түсіне білу керек сияқты. Қазіргі кезде әр депутат өзі сайланған округтің ғана емес, жалпы аймаққа қатысты мәселелерді жетік біледі, елге жүйелі түрде шығып тұрады.

Мәселелер күнде туындамайды, негізінен бұрыннан жинақталған, шешімі кезегін күтіп тұрған істер. Жұмыс барысында пайда болған мәселелерден ақпараттық техно­логиялар дамыған қазіргі кезеңде елге бармай-ақ хабардар болуға болады. 2016 жылы сайлауалды кездесулерімде мен мұны айтып өткенмін. Ауыл­дық округ әкімдері өткен 5 шақырылымнан бері мәсе­лелерді маған электронды пошта арқылы жеткізіп отыр. Электронды поштасы жоқ, елге барғанда кезде­сулерге қатыса алма­ған сайлау­шыларым егер жергілікті жерде шешімін таппаған сұрақтары болса, WhatsApp арқылы да ойларын маған жеткізуіне болады. Мен оны әрі қарай билік өкілдеріне жеткізу арқылы, бірлесіп шешу жолдарын қарастырып, ықпал жасауға тыры­самын.

– Облыстың мәслихат құрамы­ның белсенділігі қандай?

– Жоғарыда айтып өткенмін, депутат­тар тек өздері сайланған округ емес, аймақ мәселелерін де жетік біледі. Мәслихаттың жұмысшы органы болып табылатын 4 тұрақты комиссияның құрамында жұмыс жасайды және сол мәселелерді зерттеу арқылы шешімін табу жол­дарын қарастырады. Депутаттық корпус құрамы жоғары білімді, өмір тәжірибелері жеткілікті, әр саланы жетік меңгерген, жоғары қабілет иелері, белсенді азаматтар. Халық қалаулыларының қызметінің басты бағыты – аймақтың экономикалық-әлеуметтік мәселелерін атқарушы органмен бірлесе шешу және бұл бағыттағы жұмыстардың оң нәтижесі көрініп отыр деп ойлаймын.

Еңбектің бағасын ел береді. Біздің міндет – сол елге аянбай қызмет ету.

– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен

Шынар БЕКБАН,

«Сыр бойы».

Cұхбат 27 ақпан 2018 г. 234 0