Қазақстан мен Австрия қылмыспен бірлесіп күресетін болады

ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Австрияның Реформалар мен әділет, Конституцияның федералды министрі Йозеф Мозермен кездесті.

Бас прокуротураның баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту, соның ішінде лаңкестік пен трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықпен күресті нығайтудың қажеттігі жөнінде сөз қозғады.


Нақты қылмыстық істер бойынша экстрадициялау және құқықтық көмекке қатысты екі жақты қарым-қатынастың белсенділігін арттыру туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ Қазақстанның Еуропа Кеңесінің қылмыстық сот төрелігі туралы конвенциясына қосылуы мен шартты-құқықтық базаны кеңейту тақырыбы талқыланды.

Кездесу нәтижесінде ведомство басшылары ортақ мәлімдемеге қол қойды. Онда Австрия Қазақстанның қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек пен сотталғандарды беру туралы конвенцияға қосылуын қолдайтындығын білдірді.


Baq.kz

Саясат 17 қазан 2018 г. 529 0