Астанада Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің туризм министрлері бас қосады

7-8 тамызда Астанада Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің туризм министрлерінің төртінші жиыны өтеді. Бұл туралы «Kazakh Toursim» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Аталған шараны Түркі кеңесі хатшылығының қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр. Аталған шараға Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің туристік ведомстволарының басшылары қатысады. Сонымен қатар құрметті мейман ретінде Өзбекстан мен Түрікменстанның туризм жөніндегі мемлекеттік комитеттерінің басшылары, Қытайдың мәдениет және туризм министрі шақырылды. Белгілі болғандай, тараптар «Түркі кеңесі - заманауи Жібек жолы» бірлескен туристік өнімінің жобасын іске қосу мен коммерциялық жүзеге асыруға дайындық жұмыстарын талқылайды. Осы орайда туристік өнімнің веб-сайтын құру, баға саясаты,  туристік операторлардың маркетингтік әрі коммуникациялық стратегиясы, әлемдік нарықта ілгерілеу және басқа да мәселелер қаралады. Мұнымен қоса, аталған кездесу барысында Заманауи Жібек жолы бойынша бірлескен тур жөніндегі деректі фильмнің таныстырылымы өтеді деп жоспарлануда. Аталған фильмді  Түркі кеңесі елдерімен ынтымақтастықта «TRT Avaz» телеарнасы түсірді.


Саясат 26 шілде 2018 г. 1 862 0